Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
Фото: Ақ үй
АҚШ президенті Сауд Арабиясының бейбіт ядролық бағдарламасын дамыту туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
The Wall Street Journal басылымның мәліметінше, келісім 30 жылға есептелген және ондаған миллиард доллар көлемінде бағаланып отыр. Құжат Сауд Арабиясының ядролық инфрақұрылымын құруда америкалық компаниялардың жетекші рөл атқаруын көздейді және басқа шетелдік бәсекелестердің қатысуын шектейді.
Келісімнің негізгі тармақтарының бірі — америкалық компаниялардың Сауд Арабиясында уран байыту зауытын салу мүмкіндігі. Мұндай жоба тараптар қажет деп тапқан жағдайда жүзеге асырылады.
АҚШ әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл келісім Вашингтонға Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасының дамуына ықпалын сақтауға және оның әскери мақсатта пайдаланылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Алдағы күндері құжат АҚШ Конгресінің қарауына ұсынылады. Таяу Шығыста ядролық технологиялардың таралуына қарсы заң шығарушылар арасында бұл мәселе қызу пікірталас тудыруы мүмкін.
Бұған дейін CNN телеарнасы келісім жобасы сарапшылар арасында алаңдаушылық туғызғанын хабарлаған еді. Олардың пікірінше, құжат Сауд Арабиясына халықаралық қосымша кепілдіктерсіз уранды өз бетінше байытуға мүмкіндік беруі мүмкін, бұл ядролық қару жасау қаупін жоққа шығармайды.
Сауд Арабиясы билігі бағдарламаның тек бейбіт мақсатта екенін мәлімдеуде. Эр-Рияд электр энергиясын өндіру үшін өз уран қорының әлеуетін пайдалануды көздейді, бұл өз кезегінде мұнай экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман 2018 жылы Иран ядролық қару жасаса, Сауд Арабиясы да дәл солай әрекет ететінін мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық