Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды

cover Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында болған жол апаты кезінде Chevrolet және Nissan көліктері соқтығысты. Оқиға орнында қыз бала қаза тауып, тағы үш ересек адам жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні шамамен сағат 16:55-те Щучинск — Степняк автожолының 16-шақырымында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet көлігінің жүргізушісі қосалқы жолмен келе жатып, басты жолға шығар кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Степняк қаласы бағытына қарай қозғалып келе жатқан Nissan көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Nissan автокөлігінің тоғыз жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі. 

Тағы үш адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жолаушы үйіне жіберілді.

Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала. Шетелдік көліктен түк қалмай, темір үйіндісіне айналған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар