«Жүрегі төрт рет тоқтады, құжатқа бір рет деп жазды»: Ақтаудағы баланың өліміне қатысты жаңа мәлімдеме
Фото: Анасы Жұлдыз Азановадан
Ақтау қаласының тұрғыны Жұлдыз Азанова Orda.kz редакциясына жүгініп, 13 жастағы ұлы Исмаил Азановтың өліміне қатысты істің әділ тергелуіне көмек сұрады. Оның айтуынша, баласы дәрігерлердің салғырттығы мен соқырішек диагнозының дер кезінде қойылмауы салдарынан көз жұмған.
Қазіргі таңда бұл іс сотта қаралып жатыр. Анасының айтуынша, іс бойынша 20 медицина қызметкері айыпталушы ретінде танылған. Алайда ол жауапқа тартылмаған тағы бір дәрігер бар екенін айтып, оның әрекетіне де құқықтық баға беруді талап етеді.
Жұлдыз Азанованың айтуынша, ұлы бірнеше рет Ақтау қаласындағы №2 емханаға, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына және Инфекциялық ауруханаға медициналық көмекке жүгінген. Емханада соқырішек деп диагноз қойылып, кейін оны жоққа шығарған.
«Менің ұлым қаңтар айында ауыра бастады сол кезде жедел жәрдем шақырдық олар тек қызу түсіретін дәрі жазып берді. Олар кеткеннен кейін дене қызуы түспеді. Көлікпен өзім ауруханаға апардым бір күн жатып система алып үйге қайттық. Балам қайта ауырды қайта жедел-жәрдем шақырдым ауруханаға апарып, соқырішек деген диогноз қойылды, бірақ кейіннен анықталмады деп ол диогнозы алып тастады», - деді анасы.
Марқұм баланың жағдайы нашарлай түседі. Тіпті қан құсып қатты әлсірегеннен кейін дәрігерлер іске кірісе бастаған. Анасының сөзінше, осының салдарынан қарапайым соқырішек асқынып, жарылып, іш қуысына инфекция тарап кеткен. Соның кесірінен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
«Отаға дейін баламның жүрегі бір рет тоқтады сол кезде дәрігер жинала бастайды, дәрігерлер баланың жағдайын өте ауыр деді. Ота жасау керек аман қалуы екі талай деді. Ота кезінде дәрігерлер соқырішек жарылып кеткенін анықтайды тоқ ішек шіріп кеткен, өңеші жыртылып кеткен. Ота 27 қаңтар бір ақ жасалды», - деді Жұлдыз көз жасын тыя алмай.
Комитет өрескел кемшіліктерді мойындаған
Жұлдыз Азанова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № ЖТ-2026-02644833 жауабымен келіспейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, комитеттің ресми жауабында ұйымдастырушылық жұмыстарда, емдеу-диагностикалық процесте және медициналық құжаттарды жүргізуде көптеген өрескел кемшіліктер анықталғаны көрсетілген. Анасының пікірінше, бұл медицина қызметкерлері кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағанын ресми түрде растайды.
«Тек сөгіс беріп, қызметтерінде қалдырды»
Соған қарамастан, Жұлдыз Азанова баласының өліміне себеп болды деп есептейтін медицина қызметкерлерінің басым бөлігіне тек тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланғанын айтады. Оның сөзінше, кінәлі деп танылған көптеген қызметкерлер бүгінге дейін мемлекеттік медицина ұйымдарында жұмысын жалғастырып келеді.
Бұған қоса, Ақтау қалалық денсаулық сақтау басқармасы баланың өлімінен кейін дәрігерлерге тек сөгіс жарияланып, бір ғана қызметкер жұмыстан босатылғаны туралы жауап берген. Марқұмның анасы мұндай шешіммен үзілді-кесілді келіспейтінін айтып, адам өліміне жеткізген дәрігерлерге қатаң құқықтық жаза қолдануды талап етеді.
«Жауапты тек дәрігерлер емес, басшылар да болуы керек»
Анасының пікірінше, баласының өліміне тек емдеуші дәрігерлер ғана емес, олардың жұмысын ұйымдастырып, бақылауға міндетті басшылар да жауапты. Ол медицина қызметкерлерінің кінәсі ресми түрде анықталған болса, олардың мемлекеттік медицина ұйымдарында қызметін жалғастырып жүруінің құқықтық негізін түсіндіруді сұрайды.
Сонымен қатар ол:
- барлық кінәлі тұлғаларды толық қызметтік және заң талаптарына сәйкес құқықтық жауапкершілікке тартуды;
- олардың әрекеттеріне толық құқықтық баға беруді;
- заң талаптарына сәйкес лауазымдарынан босату мәселесін қарауды;
- бұған дейін тек тәртіптік жазамен шектелген шешімдерді қайта қарауды;
шағым бойынша толық, жан-жақты әрі объективті тексеру жүргізуді талап етеді.
«Ота кезінде жүрегі төрт рет тоқтады деді»
Жұлдыз Азанова тағы бір сәйкессіздікке назар аударды.
Оның айтуынша, дәрігерлер операция кезінде ұлының жүрегі төрт рет тоқтағанын ауызша айтқан. Алайда кейін берілген медициналық құжаттарда жүрек бір рет қана тоқтағаны көрсетілген. Марқұмның анасы бұл айырмашылықтың да тергеу барысында мұқият тексерілуі тиіс деп санайды.
«Бір ғана соқырішек дер кезінде анықталғанда...»
Жұлдыз Азанова ұлының өлімін әлі күнге дейін қабылдай алмайтынын айтады.
«Аталған тұлғалардың салғырттығы салдарынан мен небәрі 13 жастағы, өмірге енді ғана қадам басқан жалғыз ұлым Азанов Исмаил Нұржанұлынан айырылдым. Бір ғана соқырішек дер кезінде анықталып, уақтылы ем көрсетілгенде, бүгін ұлым ортамызда жүрер еді. Сондықтан олардың мемлекеттік медицина ұйымдарында қызметін әрі қарай жалғастыруына қатысты қабылданған шешіммен үзілді-кесілді келіспеймін. Бала өліміне әкелген осындай өрескел кемшіліктер ресми түрде анықталғанына қарамастан, не себепті кінәлі тұлғаларға тек сөгіс беріліп, қызметтерін жалғастырып жүргенін түсіндіруіңізді сұраймын», – деді ол.
Orda.kz редакциясы журналистік стандарттарды сақтай отырып, бұл іс бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының және аталған медицина ұйымдарының ресми ұстанымын жариялауға дайын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалды: Тұрғындар әділдік талап етеді
- «Жүрегі төрт рет тоқтады, құжатқа бір рет деп жазды»: Ақтаудағы баланың өліміне қатысты жаңа мәлімдеме
- Басын кесіп, мұздатқышқа жасырған: Хромтаудағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісіне нүкте қойылды
- Құсбегіден қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленді
- Алматыда тұрғынның смартфоны ұйықтап жатқанда жарылған
- WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?