Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
Сурет: ЖИ
Әлеуметтік желіде күйеу жігіттің қайын жұртына иіліп сәлем берген видеосы қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны ата дәстүрге баласа, енді бірі «қазақта ер адам бұлай иілмеген» дейді. Алайда әңгіменің өзі бір ғана қимылдың төңірегінде қалып қойғандай. Шын мәнінде қазақ қоғамында күйеу баланың орны қандай болған? Ал бұрын қалыңдық алуға келген күйеу бала үш рет тәжім еткенін бірі білсе, бірі біле бермес. Orda.kz қазақтың ұмыт болған күйеу бала дәстүріне үңілді.
Қазақ танымында күйеу бала бөтен де емес, өз адамы да емес. Ол екі әулетті жалғайтын тұлға саналған. Сондықтан оған қатысты талап та, тәртіп те көп болған. «Күйеудің атымен күл тасы» деген сөз бар, бүгін де бұл мақал әзіл ретінде жиі айтылады. Бірақ оның астарында қазақ қоғамының тұтас түсінігі жатыр.
Ертеде күйеу бала қайын жұртының үйіне өз үйіндей кіріп-шыға алмаған. Үлкендердің алдын кесіп өтпеген, төрге рұқсатсыз шықпаған, қайын атасы мен қайын енесінің алдында өзін барынша кішіпейіл ұстаған. Мұның бәрі күйеу баланы төмендету үшін емес, екі әулет арасындағы сыйластықты сақтау үшін қалыптасқан. Сол себепті қазақ арасында «күйеудің атымен күл тасы» деген мақал тараған. Оның мәні – күйеу бала қайын жұртында әдептен аттамауы керек деген ұғым.
Ал енді күйеу бала иілген бе, деген сұраққа келейік
Соңғы күндері әлеуметтік желіде қыз ұзату тойларында күйеу жігіттің қайын жұртына иіліп сәлем берген видеолары қызу талқыға түсті. Көпшілік мұны бірден келіннің сәлем салуымен салыстырды. Алайда қазақ арасында күйеу баланың үлкендерге құрмет ретінде иіліп, тәжім етуі кездескен. Бұл әсіресе алғаш қайын жұртымен танысқанда жасалған ізет белгісі болған. Бұл келіннің күнделікті сәлем салуымен бірдей рәсім емес.
Мысалы Ыбырай Алтынсариннің жазбаларында қазақ күйеу баласының қайын жұрты алдындағы әдебі сөз болады. Сондай-ақ Түркістан өлкесінде түсірілген тарихи фотосуреттердің бірінде жас күйеу жігіттің үлкендерге тәжім етіп тұрған сәті бейнеленген суреті бар.

Фото: "Түркістан альбомы" топтамасынан
Бірақ бәрі бұл пікірмен келіспейді, қазақта ер адамның келін сияқты сәлем салуы болмағанын айтады. Ал бүгінде тойларда көрсетіліп жүрген бірнеше мәрте иіліп сәлем беру кейінгі жылдары пайда болған қойылым элементтері болуы мүмкін Әлеуметтік желіде осы күйеу баланың тойдың басында, тойдың соңында қалыңдықты алып бара жатқан сәтінің видеолары тарап, тренд болып кеткен виеоларда әртүрлі пікір жазылып жатыр. Күйеу бала қайын жұртымен амандасқанда бас изеп, қол алысып немесе төсіне қолын қойып құрмет көрсеткен.
Неліктен бұл дәстүр ұмытылды? Қазақ қоғамы өзгерген сайын отбасы құрылымы да өзгерді. Көшпелі өмір салты аяқталды. Бір әулет бірнеше буын болып бірге тұратын кезең артта қалды. Қала мәдениеті қалыптасты. Соның салдарынан қайын жұрт пен күйеу бала арасындағы бұрынғы қашықтық та азайды. Бүгінде күйеу баланың қайын атасының алдында өзін қалай ұстауы керегін белгілейтін жазылмаған заңдар бұрынғыдай қатаң сақталмайды.
Ал әлеуметтік желілер ұлттық дәстүрді жаңа форматта көрсете бастады. Соның әсерінен бұрын болған кейбір ғұрыптар жаңғырып жатса, кейбірі тойдың сәніне айналып барады. Енді бұған дәстүр немесе жаңа үрдіс деп қараймыз ба? Не де болса, қазақ қоғамында күйеу баладан ең алдымен кішіпейілдік, үлкенге құрмет және әдеп талап етілген. Ал ол құрметтің нақты қалай көрсетілгені – өңірге, кезеңге және әулеттің салтына қарай әртүрлі болғаны анық. Дегенмен де, қалыңдықты алып бара жатқан сәтте күйеу баланың қайын жұртына бір рет иіліп рахмет айтуы әдептен еш аспайтыны, керісінше өзінің дәрежесін биік қоятын қимыл екені анық.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
- Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
- Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды
- Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасы журналисінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
- Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
- Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
- Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
- Болат Назарбаевтың мұрагерлеріне қойылған талап сотта қайта қаралады
- Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалды: Тұрғындар әділдік талап етеді
- «Жүрегі төрт рет тоқтады, құжатқа бір рет деп жазды»: Ақтаудағы баланың өліміне қатысты жаңа мәлімдеме
- Басын кесіп, мұздатқышқа жасырған: Хромтаудағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісіне нүкте қойылды
- Құсбегіден қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленді
- Алматыда тұрғынның смартфоны ұйықтап жатқанда жарылған
- WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдан бас тартуын қабыл алды
- 32 ауыр жүк көлігі жолда қалды: Артық жүк артқан тасымалдаушылар жазаланды
- Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындады
- «ҚазТАГ» және Freedom Finance ісі бойынша сот тергеуі аяқталды
- Трамп хуситтердің Сауд Арабиясында теңіз блокадасын бастау туралы мәлімдемесіне жауап берді
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды