Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
Фото: gov.kz
Қазақстан Үкіметі резервінен 10,4 миллиард теңгені жаңа KazSat-3R байланыс спутнигін жасауға бөлді. Бұл аппарат пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталатын қолданыстағы KazSat-3 спутнигін алмастыруы тиіс, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Үкімет мәліметінше, жаңа KazSat-3R спутнигі KazSat-3 қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар жоба спутниктік байланыс пен телерадио хабар таратудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, шалғай және халқы аз аймақтарда интернетке қолжетімділікті кеңейтуге,
ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, елдің технологиялық егемендігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа құрылғы 2029 жылы жұмысын аяқтайтын қолданыстағы KazSat-3 спутнигін алмастырады. Уақтылы ауыстырылмаған жағдайда Қазақстан орбиталық-жиілік ресурстан айырылып, өз спутниктік байланысынан қағылу қаупіне ұшырайды.
Қазіргі таңда KazSat жүйесіне 19 байланыс операторы және 2 миллионнан астам телехабар тарату абоненті қосылған. Бұл жүйе арқылы телерадио хабар тарату, мобильді байланыс, деректерді беру және интернет қызметтері жұмыс істейді. Оны еліміздің ірі байланыс операторлары мен мемлекеттік құрылымдары пайдаланады.
«KazSat-3R спутниктік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, жерүсті инфрақұрылымын салу қиын немесе мүмкін емес шалғай әрі халқы аз аймақтарда интернетке қолжетімділікті кеңейтеді» деп жазылған хабарламада.
Соңғы екі жылда жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді халықтың үлесі 99 пайызға жетті.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары KazSat жүйесін жаңарту тәсілін сынға алған еді. Олар жаңа спутниксіз Қазақстан Starlink және OneWeb сияқты шетелдік сервистерге тәуелді болып қалуы мүмкін екенін ескерткен.
«ҚР юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік провайдерлерге байланыс инфрақұрылымының тәуелді болуы қазіргі геосаяси жағдайда жол берілмейді»
деп депутаттар цифрландыру министрі Жасұлан Мәдиевке жолдаған сауалында жазған.
KazSat-3R жобасы бойынша конкурсқа Қытай, Түркия, Финляндия және Ресейден бес компания өтінім берген. Келісімшартты 2026 жылдың соңына дейін жасасу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, мәжіліс депутаттары ұлттық спутниктік жүйе KazSat-ты жаңарту мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, Қазақстан шетелдік байланыс қызметтеріне, атап айтқанда Starlink пен OneWeb сияқты жүйелерге тәуелді болып қалу қаупіне тап болуы мүмкін.
Сондай-ақ олар KazSat-3R жобасы бойынша өткізілетін конкурсқа да сын айтты. Айтуларынша, сатып алу рәсімдері қарапайым мемлекеттік сатып алу ережелерімен жүргізіліп жатыр, ал бұл ғарыш саласы мен жоғары технологиялық жобаларға сай келмейді. Мұндай тәсіл ескірген өнімді сатып алу немесе делдалдардың бағаны негізсіз көтеру қаупін арттырады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан KazSat-тан айырылса Starlink-ке тәуелді болып қалуы мүмкін: Депутаттар дабыл қақты
- KazSat-3 спутнигінің істен шығуына байланысты телеарналар тоқтады
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық