Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Осы аптада Вашингтон мен Эр-Рияд азаматтық атом энергетикасы бойынша тарихи келісімге қол қойды. АҚШ Энергетика министрі мен Сауд Арабиясының энергетика министрі құжатқа сейсенбіде қол қойды. Бір қарағанда бұл қарапайым энергетикалық жоба сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұл құжат Таяу Шығыстың болашағына онжылдықтар бойы әсер етуі ықтимал. Келісімді түсіндірейік.
Ең алдымен, келісімнің мәні
Сауд Арабиясы кейінгі жылдары атом электр станцияларын салуды жоспарлап келеді. Мақсаты — экономиканы мұнайға тәуелділіктен арылту. Ал АҚШ осы жобаларға өз компанияларын кіргізбек. Егер Конгресс қарсы шықпаса, америкалық компаниялар алдағы 30 жыл бойы Сауд Арабиясындағы атом жобаларына қатыса алады. Оның құны – ондаған миллиард долларға жетеді.
Конгрестің құжатты қарауға тек 90 күні бар — заң бойынша шет елдермен жасалатын кез келген ядролық ынтымақтастық келісімі парламенттік тексеруден өтуге тиіс.
Бірақ бар мәселе басқада
Әдетте АҚШ мұндай келісімдерге қатаң талап қояды: бұл талап – уранды байытпау. Себебі уранды байыту — атом энергетикасының ең қауіпті кезеңдерінің бірі. Төмен деңгейде байытылған уран станцияларға отын болады. Ал байыту деңгейі бірнеше есе артса, дәл сол технология қаруға қажетті материал өндіруге де жарайды.
Жаңа келісім бұл талапты алып тастап отыр. Сарапшылар мен басылымдардың мәліметінше, құжат уран байыту мен пайдаланылған отынды қайта өңдеуге тыйым салатын "алтын стандартты" қамтымайды. Дәл осы тұста Конгресте екі партия өкілдері де, Израиль шенеуніктері де қарсылық білдіріп отыр.
Ескертпей өтпесек, тағы болмас. Толық мәтін әлі жарияланған жоқ, сондықтан бұл — ресми құжаттан емес, келіссөзге қатысқандардың БАҚ-қа берген мәліметінен белгілі болып отырған дерек.
Осы жерде тарихты еске алу маңызды
1950-жылдары АҚШ Atoms for Peace бағдарламасын бастап, бейбіт атом энергетикасын әлемге таратты. Сол бағдарлама аясында Иранға да реакторлар мен мамандар берілді — ол кезде Иранды шах Мұхаммед Реза Пехлеви басқарды. Ел АҚШ-тың одақтасы болатын. 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін билік ауысты, қарым-қатынас үзілді, бірақ ядролық инфрақұрылымның бір бөлігі сақталып қалды. Дәл осы мұра кейін Иранның ядролық дауының негізіне айналды.
Бұл параллельді енді сарапшылар ғана емес, Конгресс мінберінен нақты саясаткерлер де айтып жатыр. Өкілдер палатасының сыртқы істер комитеті өткізген тыңдауда конгресс өкілі Брэд Шерман дәл осы Иран тарихын еске салып, қазіргі Ақ үй Иран режимі пайдаланып отырған ядролық технология да түбінде шах кезінде АҚШ-тан берілгенін атап өтті.
Ал нонпролиферация сарапшысы Андреа Стрикер Конгресске келісімді толықтай тоқтатуды ашық талап етті.
«Егер олай болмаса, онда келесі әкімшілік бұл саясатты оның салдары тым ауыр болмай тұрып жояды деп үміттенуден басқа амал жоқ. Әйтпесе, ядролық қаруды таратпау кепілдіктері әлсіреп, басқа мемлекеттер үшін жағымсыз прецедент қалыптасып, уранды байыту технологиясының таралуын тежеу мүмкін болмай қалуы ықтимал», деді Стрикер.
Тағы бір фактор бар
Сауд мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман бұрын, егер Иранға ядролық қару жасауға жол берілсе, өзі де дәл сондай қаруды дамытатынын ашық мәлімдеген болатын. Яғни бұл — сырттан келген болжам емес, корольдіктің өз басшысы айтқан ұстаным.
Әрине, бүгінгі Сауд Арабиясы мен сол кездегі Иранның жағдайы бірдей емес. Бұл — екі бөлек мемлекет, екі бөлек саяси контекст. Бірақ мәселе бір: АҚШ тағы да ондаған жылдан кейін өзі қауіп ретінде бағалауы мүмкін ядролық іргетасты қазір өз қолымен қалап жатқан жоқ па?
Егер аймақта саяси жағдай өзгерсе немесе жаңа қақтығыс басталса, бүгін берілген жеңілдіктер ертең үлкен проблемаға айналуы мүмкін. Сондықтан бұл келісім жай ғана энергетика туралы емес. Бұл — АҚШ-тың кезекті геосаяси тәуекелі. Ал оның бағасы бірнеше жылдан кейін емес, бәлкім бірнеше онжылдықтан соң ғана толық анықталады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық