Басын кесіп, мұздатқышқа жасырған: Хромтаудағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісіне нүкте қойылды
Фото: Envanto
Полиция қызметкерлері Хромтау қаласын дүр сілкіндірген қылмыс туралы баяндады. Бір айға жуық уақыт бойы туыстары мен полиция іздеген тұрғынның жоғалып кетуі Ақтөбе облысындағы ең қатыгез қылмыстардың біріне айналды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жедел уәкілдер мен тергеушілердің тыңғылықты жұмысының арқасында кісі өлтірудің мән-жайы анықталып, кінәлілер бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
2024 жылғы 11 қазанда Хромтау қаласының тұрғыны полицияға жүгінген. Әйел күйеуінің шамамен бір апта бойы хабарсыз кеткенін және үйге оралмағанын хабарлаған. Өтініш тіркелгеннен кейін жедел-тергеу тобы құрылып, дереу іздестіру жұмыстарына кірісті.
Полицейлер ер адамның соңғы жүрген жерлерін анықтап, оның қатынасатын ортасын зерттеді, туыстарынан, көршілерінен, таныстарынан және әріптестерінен жауап алып, болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған адамның екі танысына шықты. Олардың үйлерін тексеру кезінде аса ауыр қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін айғақтар табылды. Жиналған дәлелдердің қысымымен күдіктілер өз кінәларын мойындады.
«Қылмыстық іс заңда белгіленген мерзімде сотқа жолданды. 2025 жылдың ақпан айында сот айыптау үкімін шығарды. Айыпталушылардың бірі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды», деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Хромтау тұрғынының кісі қолынан қаза тапқаны анықталған еді. Оның бөлшектелген денесі бірнеше пакеттен табылып, ал басы күдіктілердің бірінің мұздатқышынан шықты.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылдың 25 қыркүйек күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болды. Жанжал бірге ішімдік ішіп, кейін араздасқандар арасында ушықты. Панаскин танысы Михаил Лукиннің үйіне барған. Сол жерде ортақ таныстары Денис Кузменко да бар. Бірге ішімдік ішкен. Оттықтың табылмай қалуы жанжалға себеп болған. Бір-бірінен көріп, сөзге келген. Панаскин сөзді көтере алмай, қорлады деп санайды. Сол сәтте Кузменконы бірнеше рет жұдырығымен ұрып, ас үй пышағын ішіне сұғып алады.
Кейін оқиға орнында көз жұмған танысының денесін жасыру үшін жуынатын бөлмеде бөлшектеген. Полиция тоңазытқыштан кесілген адамның басы мен денесін тапты. Аяқ-қолын карьерге апарып тастаған.
Полиция департаментінде әрбір адам жоғалғаны туралы хабарлама дереу тіркеліп, жедел түрде жұмысқа алынатыны атап өтілді. Із-түзсіз кеткендерді табу және ауыр қылмыстарды ашу үшін барлық қажетті күш пен құралдар жұмылдырылады, ал кінәлілер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық