Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасы журналисінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда
«Ахуал сегодня» YouTube-арнасының журналисі Азамат Омаров Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша ұсталды. Осыған орай вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде кейбір азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылар Омаров «жоғары лауазымды шенеуніктерді әжуалағаны үшін» ұсталды деген ақпарат таратып жүргенін атап өтті.
«Ең алдымен, елімізде сөз бостандығына кепілдік берілгенін, ал цензураға тыйым салынғанын ерекше атап өткім келеді. Сатира мен әзілдің өзі құқық бұзушылық болып саналмайды және ол үшін заңнамада жауапкершілік көзделмеген.
Қылмыстық кодекстің 174-бабында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік белгіленген. Менің түсінуімше, Азамат Омаров дәл осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұсталған» деп жазды ол
Вице-премьердің айтуынша,егер таратылған ақпараттан немесе контенттен қандай да бір алауыздықты қоздыру белгілері анықталса, оның сатира немесе әзіл түрінде ұсынылғанына қарамастан, заңнамада белгіленген жауапкершілік туындайды.
«Меніңше, бұл мәселеде баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеледі.
Жаңа Конституцияда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілгенін білесіздер. Заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік азаматтардың қызмет саласына немесе кәсібіне қарамастан, барлығына бірдей қолданылады.
Мұндай істер барынша аз болуы үшін әріптестерімізге заң талаптарын бұзудың тәуекелдері мен салдарын алдын ала түсіндіру қажет деп санаймын» деп жазды министр Балаева.
Сонымен қатар Аида Балаева осыған байланысты құқық қорғаушыларды Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, тек алауыздықты қоздыруға қатысты нормаларды ғана емес, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу жөніндегі заң талаптарын да кеңінен түсіндіру жұмысына атсалысуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық