Қырым көпірінде жойқын жарылыс болды
Әлеуметтік желілерде түнгі сағат 3-тер шамасында Қырым көпіріне екі соққы жасалып, жарылыс дыбыстары естілді деп хабарлайды. Ресей көлік министрлігі Қырым маңындағы көпір жолының зақымдану фактісін растады.
Дүйсенбі күні таңертең Краснодар облысын 2014 жылы Мәскеу аннексиялап алған Қырыммен байланыстыратын Ресей салған Қырым көпірінде «төтенше» жағдайға байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы аннексияланған Қырымның басшысы Сергей Аксенов өзінің telegram-каналында хабарлады.
Аксеновтың айтуынша, оқиға Краснодар өлкесінен шығатын көпірдің 145-бағанасында болған. Басқа ешқандай қосымша мәлімет жоқ.
РБК-Украина ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көпір жақтан жарылыс дыбыстары естілген.
Вагнер ЖӘК-пен байланысы бар ресейлік «Серая зона» telegram-арнасы Қырым көпірінде таңғы уақытта екі соққы жасалғанын хабарлады: біріншісі таңғы сағат 03:04-те, екіншісі таңғы сағат 03:20-да.
Әзірге Украина тарабы ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Қырым көпіріндегі оқиға БҰҰ арқылы Мәскеумен жасалған Қара теңіз арқылы украиндық астықты экспорттау туралы келісімнің мерзімін ұзартуға әсер ете ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Мәміле дүйсенбіде аяқталады және жексенбі күні кешке дейін оның қалпына келе қоюуы екіталай.
Қырымның басшысы және Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев көпірдегі төтенше жағдайға байланысты мәселелерді шешу үшін өз аймақтарында жедел штаб құрылғанын хабарлады.
Түбектің Мәскеу тағайындаған әкімшілігі Қырымның барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілгенін айтып, түбек тұрғындарын көпірмен жүрмеуге шақырды.
Одесса әскери әкімшілігінің баспасөз хатшысы Сергей Братчук өзінің Telegram-каналына ортасынан бөлінген көпір бейнеленген суретті жариялады.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады