Қаңтар оқиғасына Әбіләзов пен ҚДТ кінәлі – «Дикий Арман»
Қазақстандағы танымал криминалдық авторитеттердің бірі, «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Orda.kz сайтының сұрақтарына жауап берді.
Orda.kz: «Қазақстан» қонақ үйінде іс жүзінде не болды және ол жерге қалай келдіңіз? Бейнежазбада қасыңызда Қайрат Құдайберген болды. Онымен қарым-қатынасыңыз қалай?
Арман Жұмагелдиев: «Қазақстан» қонақ үйі туралы мынаны айта аламын. 2022 жылдың 5 қаңтарында жанымдағы жігіттердің бірі Қайрат Құдайбергеннің «Қазақстан» қонақ үйінде ел болашағын ойлайтындардың барлығын жинап жатқанын айтты. Осыдан кейін мен сонда бардым. Мен келгенімде мұнда көптеген адамдар жиналып үлгерді: спортшылар, кәсіпкерлер, депутаттар, әкім, прокурор, белгілі қайраткерлер және жай еріктілер. Ал сол жерде Қайрат Құдайбергенді екінші рет кездестірдім. Кейін бәріміз «Қазақстан Ballroom» қонақ үйінің мейрамханасына барып, Алматыдағы жағдайды, тонаушылармен қалай күресу керектігін талқылай бастадық. Әркім өз ойын айтты, көпшіліктің арасынан біреу алаңда қару таратып жатқан адамдарды көргенін айтты. Сосын мен одан: «оларды танисыз ба?» деп сұрадым. Ол білетінін айтты. Мен жігіттерден онымен бірге алаңға шығып, осы арандатушыларды ұстауды өтіндім.
Қайрат Құдайберген алаңға шығып қоқысты тазалау керек деді. Бұған біреулер киіз үй тігуді, ас-су мен ыстық шай таратуды, сол арқылы шерушілерді бейбіт бағытқа көшіруді ұсынды. Мен онымен келісіп, тәртіпсіздікті тоқтату, мемлекетпен бейбіт диалог орнату үшін халықты жинап, наразылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсындым. Мен де адамдарды тәртіпсіздікке шақырған арандатушылар мен бастамашылар тобының арасынан анықтағым келді. «Қазақстан» қонақ үйінде болған оқиғаның барлығы және мен айтқан нәрселерге қатысты бейнежазбалар мен куәліктер бар.
Orda.kz: «Қазақстан» қонақ үйінде соққыға жығылған, қысым көрген адамдар бар. Олар сіздің ұрғаныңызды айтады. Шын мәнінде не болды?
Арман Жұмагелдиев: Еріктілердің айтуынша, қылмыс орнында ұсталғандардың барлығы «Қазақстан» қонақ үйіне жеткізілген. Мен өз тарапымнан ел тағдырын ойлайтындардың барлығын ішкі істер департаменті, әкімдік, президент резиденциясына, күш құрылымдарына шабуыл жасаған тонаушылар мен арандатушылармен күресуге шақырдым. Осы кезде арандатушылар жиналғандарға «Трамадол» дәрісін, қару-жарақ беріп, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарына қарсы қан төгу арқылы қазіргі конституциялық құрылысты құлатуға шақырды. Бейнежазбаға түсірілген бұл фактілердің барлығы айғақтармен расталады. Мен өзім ешкімді ұстаған жоқпын, бірақ кейбір кезде қолға түскен тонаушылар мен ҚДТ (ДВК) жақтастарынан олардың штабтары қайдан, қару-жарақ, есірткіні қайдан алғанын, лаңкестермен байланысы бар-жоғын білу үшін сұраққа алғанымды жоққа шығармаймын. Сол кезде Қазақстан аумағына 20 мың лаңкестің кіргені хабарланған болатын. Мен олардан «Әбіләзовпен байланысың бар ма?» деп сұрадым, өйткені мен оны республикамыздың ең маңызды террористі деп санаймын. Кейбіреуін ұрдым, біреуі наша шегіп алған, ол «Әбіләзов үшін өлемін» деп айғайлады. Еріктілердің айтуынша, тағы біреуі ұсталды. Ол кішкентай қызды зорламақ болған, бірақ еріктілер оны «Қазақстан» қонақ үйіне әкелді. Ашумен мен оны бір-екі рет тептім.
Жаңалықтар
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан төмен түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді