«Пышақты жууға көмектестім»: Екінші куәгер бойжеткен Шерзат қаза болған түн жайлы айтып берді
Фото: Видеодан кадр
Талдықорған қаласында жұрттың жағасын ұстатқан Талғар қаласындағы 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі сотта 1999 жылы туған негізгі екінші куәгер Дана Жақсыгелдінің сотталушыларды танитыны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дана Жақсыгелді сотта былай деді:
«Бізді Равиль мейрамханаға шақырды. Алдымен дастархан басында отырдық, кейін Эльмирамен бірге биге шықтық. Біраздан соң бізге Нұрбол қосылды. Мейрамхана жабылған соң, біз де сыртқа шықтық. Жігіттер бізді үйге жеткізіп салуды ұсынды. Жолда дүкенге соғамыз деді. Бір дүкеннің алдына тоқтадық, темекі алу үшін көліктен түстік. Дүкенге кіргенімізде сатушылар ештеңе сатпаймыз деді. Сыртқа шыққанда жанжал басталып кетті. Сол кезде сақалды жігіт мылтық шығарып, оқ атты. Кейін көлікке қайта отырғанымызда, Абзалдың мылтықты көліктің капотына қойғанын көрдім», — деді Дана.
Сондай-ақ, куәгер Шынасылдың қолындағы пышақты энергетикалық сусын құйып, жууға көмектескенін айтты.
Сот отырысында адвокаттар «Дана Жақсыгелдінің пышақтағы саусақ іздерін жасыруға қатысы болуы мүмкін бе?» деген мәселені анықтауға тырысты. Тергеу барысында олар одан: «Абзал Шынасылмен бетпе-бет кездесу кезінде бұл туралы айтқанын есінде ме?» деп сұрады. Куәгер бұл әңгімені растады.
Ол оқиғадан кейін бұл топ Рысқұлов ауылына қарай бет алған. Дана Жақсыгелдінің айтуынша, біреу Нұрқиясқа хабарласып, оларды сол жаққа шақырған болуы мүмкін. Жолда тағы да тоқтаған. Сол кезде айыпталушы Шыңғыс Белғожаев көліктен пышақ пен қаруды алып шыққан. Оның сөзінше біраз уақыттан соң ол көлікке қайтып келгенде, қолында не пышағы, не қаруы болмаған.
Бұған дейін куәгер ретінде сот алдында сөз сөйлеген Нұрбекованың жауаптары мүлде қарама қайшы болған еді. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев оның жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін Orda.kz Нұрбекованың сөздері қарама қайшы болғанын жазған болатын.
Еске сала кетейік, өткен сот отырысында негізгі куәлердің бірі — Эльмира Нұрбековадан жауап алынған болатын.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын көргенін айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куәгер болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Сонымен қатар басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов та куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Абай облысында әскерге шақырылғандарды медициналық тексеру үшін 40 млн теңге артық төленген
- Еліміздің төрт боксшысы Әлем чемпионатының финалына өтті
- Стивен Уиткофф Берлинде Зеленскиймен және еуропалық көшбасшылармен кездеседі
- Алматыда жыл басынан бері 30-ға жуық шетелдік есірткі қылмысы үшін сотталды
- Маңғыстау облысында теңіз балығын өсіретін алғашқы ферма пайдалануға берілді
- Трамп Камбоджа мен Таиландтағы атыс тоқтағанын мәлімдеді, бірақ ұрыс жалғасуда
- Тимур Турлов бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі басқарған құрылымға жасақталды
- Қарағанды облысындағы дәмханада газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты
- Алматыда сегізінші сынып оқушысы әлеуметтік желілердегі мектепке қатер төндіргені үшін ұсталды
- Шымкентте бір ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келген деген күдікпен қамалды
- «Қыз Жібек» фильмі: қырғыз режиссер жайлы дау не себепті қозғалды?
- Айбек Смадияров сыртқы істер министрлігіндегі қызметінен кетті
- СҚО-да сабақ үстінде химия мұғалімінің беті күйіп қалды
- Жапонияда күшті жер сілкінісі болды: цунами қаупі төнді
- Kundelik жүйесіндегі мыңдаған оқушының жеке деректері желіге тарап кетті
- Қарағандыдағы жалдамалы пәтерде 15 пен 18 жастағы жасөспірімдердің өлі денесі табылды
- Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысы 110 млн ісі үшін қайта жауап берді
- Қазақстандық жас спортшылар джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
- СҚО-да шенеунік пара алып, қызметін ақша көзіне айналдырғаны үшін сотталды
- Зейнетақы жинағынан ақша алуға болатын тағы бір қызметке тыйым салынды