Песков дәнді-дақыл келісімі тоқтатылғанын хабарлады
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дәнді-дақыл келісімі тоқтатылғанын хабарлады.
«Шын мәнінде, Қара теңіз келісімі бүгін, 17 шілдеде күшін жойды. Өкінішке қарай, Ресейге қатысты осы Қара теңіз келісімдерінің бір бөлігі осы уақытқа дейін орындалған жоқ. Сондықтан оның күші жойылды», - деді ол.
Сондай-ақ Дмитрий Песков егер келісімдер орындалса, Ресей келісімді жүзеге асыруға қайта оралатынын айтты.
«Дәнді-дақыл келісімі» - Украинаның Қара теңіз порттарын бұғаттаудан шығару және олардан украиндық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы келісім. Бұл құжатқа 2022 жылы 22 шілдеде Ыстамбұлда Ресей, Түркия, Украина және БҰҰ өкілдері қол қойды.
29 қазанда Ресей Украина астығын экспорттау жөніндегі келісімге қатысуды тоқтататынын хабарлады. Ресей билігінің мәліметінше, Қара теңіз флоты кемелері Севастополь шығанағы суларында әуе және жер үсті ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына тойтарыс берген. Шабуыл бірнеше сағатқа созылды. Қорғаныс министрлігі мұны теракт деп атап, шабуылды Украинаның 73-ші теңіз операциялары арнайы орталығының әскерилері жасағанын мәлімдеді. Ресей әскери департаментінің мәліметінше, оларды Николаев облысының Очаков қаласында орналасқан британдық мамандар басқарған.
Қараша айында Ресей тарапы БҰҰ мен Түркияның қатысуы арқасында Украинадан қажетті жазбаша кепілдіктер алды. Украина билігі гуманитарлық дәліз бен порттарды ұрыс қимылдары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға пайдаланбауға уәде берді.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады