Немересін құтқарам деп 17 млн теңгені алаяқтарға беріп жіберген
Фото: pixabay.com
Ақмола облысында зейнеткер әйел алаяқтарға немересін құтқару үшін 17 миллион теңге беріп жіберген, деп Orda.kz хабарлайды.
Зейнеткерге белгісіз біреулер қоңырау шалып, немересінің жол апатына тап болғанын және оның кінәлі екенін айтқан. Қорыққан әжеге алаяқтар жазадан құтқаруға уәде беріп, ақша сұрапты. Немересін қорғау мақсатында зейнеткер еш ойланбастан барын беруге келіседі. Осылайша, ұзақ жылдар бойы бүкіл отбасының, зейнеткердің және оның ересек балаларының жинаған 17 миллион теңгесін алаяқтарға тапсырады.
Әйелден ақшаны курьер алып кетеді. Алайда бұл алаяқтық ұзаққа бармады – Көкшетау полицейлері дропперді тез арада қолға түсіреді. Тергеу барысында оның бұған дейін де осындай қылмысқа қатысқаны, тағы бір зейнеткерден 1 миллион теңге алғаны анықталды.
Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.
Жаңалықтар
- Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
- Кураторлары шетелде: 105 келіден асатын есірткіні көлік дөңгелегіне жасырған ҰҚТ ұсталды
- Әлем чемпионаты: Нидерланд Швецияны 5:1 есебімен ұтты
- Қазақстан Ауғанстанға бидайдан бастап жасанды интеллектке дейін апарды
- Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Бішкекте энергетикалық жүйе мәселелерін талқылады
- Алматыдағы заңсыз салынған «Береке» базары бұзылды
- Таразда түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік өткізбек болған
- Ақтөбедегі көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан оқиғаға қатысты газ құю бекетінің иесі ұсталды
- Әміре Қашаубаевтың дауысы жазылған сирек пластинка Бұқар жырау атындағы мұражайда сақтаулы
- Министрлік: Декреттегі аналардың курьер болып нәпақа табуы әлеуметтік төлемдерден айыруға себеп емес
- Гашиш контрабандасымен айналысып, қашып жүрген әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
- ЖИ мамандары алғаш рет «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтеді
- Интерпол іздеген: Instagram арқылы жұртты алдаған ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
- Ақтөбе облысының тұрғыны сарайынан бірнеше артиллериялық снаряд тауып алды
- Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, екі жасөспірім мен бір ересек адам тірідей жанып кетті
- Әлем чемпионатында Бразилия құрамасы Гаитиді ойсырата жеңді — есеп: 3:0
- Тоқаев бірден үш заңға енгізілген түзетулерге қол қойды: аңшылық, жануарлар дүниесі және байланыс салалары
- Алматыда LRT құрылысы басталады: Момышұлы көшеcінде қозғалыс шектеледі
- Алматыда өрт сөндіру қызметіне кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуациялана бастады. Бейнежазба
- «Маған қызымды қайтарып берсін»: Әл-Фараби апатына қатысты істе жаңа жәбірленуші 100 млн өтемақы талап етпек