Кураторлары шетелде: 105 келіден асатын есірткіні көлік дөңгелегіне жасырған ҰҚТ ұсталды
Фото: gov.kz
Көліктегі полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері ұстаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Есірткі қылмыстарымен айналысқан бұл топтың заңсыз әрекеті өткен жылдың мамыр айында әшкереленген.
Жедел іс-шаралар барысында көліктегі полиция қызметкерлері бірнеше азаматтың Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында есірткі қылмысын ұйымдастыруды жоспарлағанын анықтаған.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде олардың қылмыстық ниеттері дер кезінде тоқтатылды.
Тергеу аясында алты адам, оның ішінде шетел азаматтары да ұсталды.
Тергеу барысында топ мүшелері арасында міндеттер нақты бөлінгені белгілі болды. Кейбірі курьер, енді бірі үйлестіруші қызметін атқарған. Ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтау үшін арнайы жасырын орынға айналдырылған гараж пайдаланылған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде жиналған материалдар ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін толық дәлелдеді.
Тінту кезінде автокөлік дөңгелектерінің ішіне жасырылған, кейін сату үшін дайындалған ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленген.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 105 келіден асатын есірткі тәркіленген, бұл аса ірі көлемге жатады.
Аталған дерек бойынша көліктегі полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу деректеріне сәйкес шетелде жүрген кураторды анықтау шаралары қабылдануда.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесі кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық