Министрлік: Декреттегі аналардың курьер болып нәпақа табуы әлеуметтік төлемдерден айыруға себеп емес
Бейнеден кадр
Қазақстанда декреттік демалыс кезінде курьер болып қосымша табыс табатын аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланбаған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство төлемдердің тоқтатылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, әлеуметтік желілерде бала күтімі кезінде қосымша жұмыс істейтін аналарға әлеуметтік төлемдерді тоқтату мүмкіндігі жаппай талқыланып жатыр. Алайда ведомство мұндай жоспар жоқ екенін атап өтті.
Ведомство өкілдері жұмыс істемейтін ата-аналарға төленетін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы адамның қосымша табыс табуына қарамастан төлене беретінін еске салды. Төлемдер бала белгіленген жасқа толғанға дейін сақталады.
Ал бала туғанға дейін ресми түрде жұмыс істеп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан ата-аналар үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Оның мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызы.
«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, мұндай төлемдерді тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асады», деп түсіндірді ведомство.
Еске салайық, бұл тақырып әлеуметтік желілерде қолында кішкентай баласы бар курьер-ананың фотосы таралғаннан кейін кең талқыланды. Кейін Еңбек министрлігі аталған отбасымен байланыс орнатқанын және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынғанын хабарлады. Сондай-ақ ведомство бұл отбасы мұқтаждар санатына жатпайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мыңнан астам әйелдің декреттік төлемдерді заңсыз алу фактілері бойынша істерге тартылғанын айтқан болатын. Қазақстанның 13 өңірінде 38-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 3 млрд теңге.
Оқи отырыңыз:
- Қазнет іздеген курьер-ана табылды
- «Бұл – отбасылық мәселе»: Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
- «Алаяқтардан алданып, қарызға батқан»: Курьер-ананың жағдайы айтылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық