Таразда түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік өткізбек болған
Фото: Polisia.kz
Тараз қаласындағы колонияға қарапайым көзілдірік түрінде жасырылған камераны заңсыз алып өтпек болған әрекет анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
19 маусым күні Тараз қаласындағы №59 мекеме қызметкерлері ВЧ-5513 әскери бөлімінің бақылау-өткізу тобының жеке құрамымен бірлесіп, қысқа мерзімді кездесуге келген азаматтың жеке заттарына тексеру жүргізген.
Тексеру барысында келушінің жеке заттары арасынан мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған техникалық құрылғы табылды. Аталған зат сырт көзге қарапайым қара көзілдірікке ұқсас болғанымен, шын мәнінде жасырын аудио және бейнежазба жасауға арналған құрал екені анықталған.
Полиция мәліметінше, тексеру басталар алдында азаматқа заң талаптарына сәйкес тыйым салынған заттарды өз еркімен тапсыру қажеттігі түсіндірілген. Алайда ол бұл талапты орындамаған.
Аталған факті бойынша материалдар заңнамаға сәйкес тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Сондай-ақ бұл туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.
Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында бақылау шараларын күшейтіп жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық