Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, екі жасөспірім мен бір ересек адам тірідей жанып кетті
Фото: Әлеуметтік желіден
Ақтөбе қаласында Бөгенбай батыр көшесіндегі автогаз құю станциясының аумағында 19 маусымға қараған түні автокөлік өртенді, деп хабарлайды Orda.kz.
112 пультіне шақыру 22:55-те түскен. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жоғары дәрежелі шақырту бойынша жіберілді.
Өрт туралы хабар түскеннен кейін 8 минуттан соң, сағат 23:03-те толық сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру кезінде көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі — кәмелетке толмағандар.
Тағы бір адам зардап шегіп, Ақтөбедегі №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның денесінің жоғарғы бөлігі күйіп қалғаны белгілі.
«1972 жылы туған науқас жансақтау бөлімінде, есін біледі. Толық көлемде қажетті ем қабылдап жатыр, дәрігерлердің тұрақты бақылауында», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 50-ге жуық қызметкері, оның ішінде жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары, сондай-ақ 10-нан астам техника жұмылдырылды.
19 маусым күні кешке Ақтөбеде автогаз құю станциясының аумағында көлік өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер өртті 8 минут ішінде сөндіріп, жарылыс пен жалынның таралуына жол бермеді.
Көлік салонынан үш адамның денесі табылды, олардың екеуі - балалар. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық