Тоқаев бірден үш заңға енгізілген түзетулерге қол қойды: аңшылық, жануарлар дүниесі және байланыс салалары
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев жануарлар дүниесін, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ телекоммуникация саласын дамытуға қатысты бірнеше заңға бірден қол қойды.
«Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң
Бұл заң биоалуантүрлілікті сақтау және аңшылық саласындағы бақылауды күшейтуге бағытталған.
Енді аңшылық кезінде дрондар мен жылукамераларды пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар инфрақұрылым нысандарын пайдалану барысында жануарлар мен құстарды қорғау шаралары күшейтіледі. Аңшылық қағидаларын бұзу және жабайы жануарларды заңсыз айналымға шығару үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылады.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң
Бұл түзетулердің нақты мазмұны заң мәтінінде жарияланады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.
Бұл өзгерістер цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және байланыс сапасын арттыруға бағытталған. Байланыс операторлары әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қосымшаларға тегін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Сонымен қатар байланыс нысандары мен деректерді өңдеу орталықтарын салу рәсімдері жеңілдетіледі, ал дата-орталықтар стратегиялық нысандар қатарына жатқызылды.
Бұдан бөлек, абоненттердің құқықтарын қорғау және елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту бойынша қосымша шаралар енгізіледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
- Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
- Қазақстандағы мектеп формасында өзгеріс бар ма?
- Құрылтай деген не? Ұлы даладағы билік кеңесі қалай қалыптасты?
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?