Ақтөбе облысының тұрғыны сарайынан бірнеше артиллериялық снаряд тауып алды
Фото: Ақтөбе облысының ПД
Ақтөбе облысының тұрғыны өз үйінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде алты артиллериялық снаряд тауып алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шалқар ауданында жергілікті тұрғын қараусыз қалған сарайды тазалау барысында қауіпті қаруларға тап болған. Ол бұл олжа туралы бірден ішкі істер органдарына хабарлаған.
«Полиция қызметкерлері оқ-дәрілерді тәркілеп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдады. Материалдарды қарау нәтижесінде қауіпті заттарды ерікті түрде тапсырғаны үшін азаматқа 181 950 теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді», деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.
Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Полицейлер қазақстандықтарды қару-жарақ, оқ-дәрі, снаряд немесе басқа да қауіпті заттарды тапқан жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырады. Табылған затқа қол тигізуге, оны жылжытуға немесе өз бетінше тексеруге болмайды, себебі бұл айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласында Бөгенбай батыр көшесіндегі автогаз құю станциясының аумағында 19 маусымға қараған түні автокөлік өртеніп, екі жасөспірім мен бір ересек адам тірідей жанып кетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық