Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Бішкекте энергетикалық жүйе мәселелерін талқылады
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері Бішкек қаласында су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша үшжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Orda.kz Энергетика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеп.
«Кездесу барысында тараптар су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Олардың қатарында аймақтық энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және алдағы вегетациялық және күзгі-қысқы кезеңдерге арналған бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері қаралды» деп жазылған хабарламада.
Келіссөзде Қазақстан делегациясын Энергетика вице-министрі Санжар Жәркешов басқарды.
Қатысушылар энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты диалог пен практикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Келіссөз барысында тараптар электр энергиясын жеткізу, энергетикалық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және су-энергетикалық режимдерді үйлестіру бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді бекітетін және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындайтын хаттамаға қол қойылды.
Құжат Орталық Азияның су-энергетикалық кешенінің тұрақты дамуын және өңірлік әріптестікті нығайтуды көздейді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Meta компаниясы әлеуметтік желілердің балаларға келтірген зияны үшін 567 миллион доллар төлейді
- Нұрай Серікбайдың туыстары сотталушыдан 10 миллиард теңге өндіріп беруді сұрады
- Қазақстандағы мектеп формасында өзгеріс бар ма?
- Құрылтай деген не? Ұлы даладағы билік кеңесі қалай қалыптасты?
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?