Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімов жайлы мәлімдеме жасады
Фото: PARASAT BUSINESS CLUB
Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үйді аукционға дейін сатып алды деген ақпарат тарады. Мұхтар Жәкішевтің өзі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол әлеуметтік желісінде бұл ақпараттың жалған екенін айтып, оған сенбеуге шақырды.
Сіздерге тағы да жалған ақпарат жайлы хабарламақпын. Бүгін менің Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алуды жоспарламақ болғаным жайлы ақпарат тарады. Араб әмірліктерінен қызыма үй алды деген ақпарат та бар. Мұның бәрі жалған, далбаса. Өзім Алматыда тұратын болсам, маған Астанадағы Кәрім Мәсімовтің үйінің не қажеті бар? Астанаға көшетін ойым жоқ. Екінші, 6 қызымның қайсысына үй алыппын? Неге әр қызыма 6 үйден алып бермеді екенмін? Біріншіден бұған менде ақша жоқ. Екіншіден менде ондай ой болған да жоқ. Сондықтан барлық тыңдармандарыма болашақта менің атымнан, болмаса жасанды зердемен жасалған мен жайлы сіздің ойыңызға сыймайтын дүниелер шықса, мұның бәрінің жалған ақпарат екенін ұғарсыз. Мен өзгермедім. Сол баяғыдаймын. Логикаға сыймайтын, ақымақ әрекеттер жасамаймын», – деді Мұхтар Жәкішев.
Еске сала кетсек, Мұхтар Жәкішев ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үйді аукционға дейін сатып алды деген ақпарат тараған болатын.
Жаңалықтар
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру