Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
АҚШ азаматы Сана Онаева-Гарро (Onayeva-Garreau Sana) кәмелетке толмаған ұлын АҚШ-тан Қазақстанға алып шығып, сот шешіміне қарамастан елге қайтармай отыр. АҚШ пен Қазақстан соттары баланы әкесіне қайтару туралы шешім шығарғанымен, бұл шешім әлі күнге дейін орындалмаған. Әйел АҚШ-та да, Қазақстанда да іздеуде жүр, ал Интерпол оны халықаралық іздеу тізіміне енгізген. Әкесі Гарро Гийом Жозеф өзінің қорғаушысымен бірге пресс - конференция ұйымдастырып істің мән-жайын айтып берді, оған Orda.kz редакциясының тілшісі қатысып қайтты.
Анасы АҚШ-та да, Қазақстанда да іздеуде
Онаева Гарро Сана (Onayeva-Garreau Sana) – АҚШ азаматы. Оған қатысты бірнеше мемлекетте іздеу жарияланған.
Гарро Гийом айтуынша ол кәмелетке толмаған баланы АҚШ аумағынан алып шығып, Қазақстанда заңсыз ұстап отыр. АҚШ билігі оны бала ұрлау және АҚШ соты шешімін қасақана орындамау фактілері бойынша ауыр қылмыс жасады деп күдіктенеді. Оған қатысты қамауға алу туралы қолданыстағы ордер шығарылған.
Сана Интерполдың халықаралық іздеу тізіміне енгізілген. Алматы қаласының полиция департаменті оның Қазақстандағы тұруға ықтиярхатының күшін жойған. Қазақстанда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша сот шешімін орындамау дерегімен қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта ол Қазақстан аумағында жасырынып жүр және АҚШ пен Қазақстан соттарының заңды күшіне енген шешімдерін өз еркімен орындаудан бас тартып отыр. Әкесі толық қамқоршылық алған. Баланың әкесі – Гарро Гийом Жозеф (Garreau Guillaume Joseph), АҚШ азаматы.
АҚШ соты кәмелетке толмаған ұлға қатысты толық заңды және нақты қамқоршылықты әкесіне берген. Гарро Гийом Жозефдың ұлы Максимильен Алихан Франсуа Гарро (Garreau Maximilien Alihan Francois), 2021 жылы туған АҚШ азаматы.
Балада ресми расталған аутизм диагнозы бар
Қорғаушысы Абзал Қасымжановтың айтуынша, Қазақстанға келгеннен кейін ол мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған және оқшау жағдайда болған.
«Қазіргі уақытта баланың нақты қайда жүргені белгісіз. Отбасындағы жанжал қалай басталды? 2020 жылғы 5 маусымда Гийом мен Сана АҚШ-та заңды некеге тұрған. 2021 жылғы 9 қыркүйекте Сан-Францискода олардың ұлы Максимильен дүниеге келген. 2023 жылғы 10 ақпанда Гийом Калифорния штатының Жоғарғы сотына ажырасу туралы талап арыз береді. Ол өтінішінде бірнеше рет Сана тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін көрсеткен», деді қорғаушысы.
Абзалдың айтуынша, кейін АҚШ соты бұл талапты қанағаттандырып, 2024 жылғы 6 тамызда некені бұзу туралы шешім шығарған.
Сонымен қатар сот материалдарында бұл Сананың күш қолдануына қатысты алғашқы жағдай емес екені көрсетілген. 2017 жылғы 20 сәуірдегі АҚШ сотының құжаттарына сәйкес, Сананың бірінші жұбайы Эдуард Кабальеро да оған қатысты күш қолданылғаны жөнінде сотқа жүгінген.
«АҚШ соты қорғау нұсқамасын шығарған. 2023 жылғы 15 ақпанда Гийом АҚШ сотынан Сананың өзіне жақындауына тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығаруды сұрайды. Сот өтінішті қанағаттандырып, Сананың Гийомға жақындауына және оған күш қолдануына тыйым салған. Ал 2023 жылғы 22 ақпанда Сана керісінше Гийомға қарсы қорғау нұсқамасын сұрап сотқа жүгінеді. Алайда АҚШ соты оның талаптарын негізсіз деп таныған. Сот Сананың жалған мәлімет бергенін анықтап, қорғау нұсқамасын беруден бас тартқан», деді қоғаушысы.
Баланы Қазақстанға уақытша алып келуге ғана рұқсат берілген. 2023 жылғы 22 тамызда АҚШ соты балаға толық қамқоршылықты Гийомға береді. Соған қарамастан, 2024 жылғы 21 ақпанда сот Наурыз мерекесіне байланысты Санаға ұлын Қазақстанға уақытша алып келуге рұқсат берген. Рұқсат тек 2024 жылғы 16–30 наурыз аралығына ғана берілген.
- Сана 30 наурызда АҚШ-қа қайта оралуы;
- баланы әкесіне қайтаруы;
- Гийомның баламен тұрақты бейнебайланыс жасауына мүмкіндік беруі;
- AirTag GPS құрылғысы арқылы баланың орналасқан жерін бақылауға жағдай жасауы тиіс болған.
Алайда құжаттарға сәйкес, Сана бұл талаптардың ешқайсысын орындамаған.
Ол АҚШ-қа қайтпаған, Гийомды барлық байланыс құралдарында бұғаттаған және 2024 жылдың сәуірінен бері әкесінің баламен сөйлесуіне немесе көруіне мүмкіндік бермеген.
«Мұндай әрекет баланың психологиялық жағдайына зиян келтіретіні және оны АҚШ-тағы ағылшын тілді ортадан, құрдастарымен араласудан айырғаны көрсетілген. Осылайша, 2024 жылғы 31 наурыздан бастап бала Қазақстанда заңсыз ұсталып отыр деп есептеледі. АҚШ құқық қорғау органдары қандай шара қабылдады? 2024 жылғы 17 сәуірде АҚШ құқық қорғау органдары Сана мен оның ұлын ұлттық қылмыстық деректер базасына «із-түзсіз жоғалғандар» ретінде енгізген», деді Абзал.
2024 жылғы 23 сәуірде АҚШ соты тағы бірнеше шешім қабылдаған.
Олардың ішінде:
- Гийомның пайдасына қорғау нұсқамасы шығарылды;
- Санаға Гийомның жазбаша рұқсатынсыз баланы ешқайда алып шығуға тыйым салынды;
- сот Сананың баланы ұрлап кеткенін көрсетіп, оны дереу АҚШ-қа қайтарып, әкесіне беруді міндеттеді;
- басқа мемлекеттің төлқұжатын рәсімдеуге тыйым салды. Сол күні АҚШ соты тағы бір қаулымен:
- балаға толық қамқоршылықты Гийомға бекітті;
- баланың тұрақты тұрғылықты жері АҚШ екенін белгіледі;
Сананы баланы заңсыз алып кеткен тұлға деп танып, оны АҚШ-қа қайтаруды міндеттеді. Сана АҚШ консулдығымен де сөйлесуден бас тартқан. 2024 жылғы 30 сәуірде АҚШ полициясының тергеушісі Лесса Вивиан Алматыдағы АҚШ консулдығы қатысуымен келіссөз ұйымдастыруға әрекет жасаған.
«Алайда Сана кез келген келіссөзден үзілді-кесілді бас тартып, баланы АҚШ-қа қайтармайтынын мәлімдеген. 2024 жылғы 7 мамырда АҚШ соты сотты бірнеше рет құрметтемегені және сот актілерін қасақана орындамағаны үшін оны қамауға алу туралы шешім шығарған. Ал 2024 жылғы 10 мамырда АҚШ полициясы Сананы бала ұрлау және сот шешімдерін қасақана орындамау фактілері бойынша қамауға алуға ордер берген. 2024 жылғы 3 шілдеде Алматыдағы АҚШ консулы Эллиот Эстебо да Санамен байланысу әрекеті нәтиже бермегенін ресми хатпен растаған», деді қорғаушысы.
Қазақстан соты да баланы қайтаруды міндеттеді. 2024 жылғы 4 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты Гийомның талап арызын толық қанағаттандырған.
Сот Максимильен Алихан Франсуа Гарроның Қазақстанда ұсталып отыруын заңсыз деп таныды. Баланы 1980 жылғы Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Гаага конвенциясына сәйкес АҚШ-қа қайтаруды міндеттеді. Сананы баланы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 237-үй, 23-пәтер мекенжайында әкесіне беруге міндеттеді. 2025 жылғы 20 қаңтарда Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Осылайша ол заңды күшіне енді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 20 қыркүйекте, ювеналды сот талапты қамтамасыз ету шарасы ретінде Сананың баламен бірге Қазақстаннан шығуына және тұрғылықты мекенжайын өзгертуіне тыйым салған болатын.
Әйел мекенжайынан табылмаған. 2025 жылғы 6 ақпанда жеке сот орындаушысы сот шешімін орындау үшін Сана көрсеткен мекенжайға барған. Алайда оның бұл мекенжайда тұрмайтыны анықталған. Осылайша, соттың тұрғылықты жерін өзгертпеу туралы талабын да орындамаған.
Іс материалдары бойынша, Сана заңды күшіне енген Қазақстан сотының шешімін бір жарым жылдан астам уақыт бойы орындамай келеді және баламен бірге белгісіз бағытта жасырынған.
Қазақстан полициясы іздеу жариялаған. 2025 жылғы 7 ақпанда жеке сот орындаушысы Сананы іздеуге жариялау туралы қаулы шығарған. Бұл қаулыны прокуратура санкциялап, орындау үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасына жолдаған.
2025 жылғы 6 қыркүйекте ҚР ІІМ Интерпол ұлттық бюросы Алматы полициясына Сана мен АҚШ азаматы Максимильен Алихан Франсуаның жүрген жерін анықтауға жәрдем көрсету туралы тапсырма жолдаған.
Ал Алматы қаласы полиция департаментінің 2026 жылғы 5 наурыздағы ресми жауабына сәйкес, 2025 жылғы 16 қазанда іздестіру ісі қозғалған.
Полиция мәліметінше, Сана әлі күнге дейін құқық қорғау органдарынан жасырынып, өзінің де, баланың да қайда екенін хабарламай отыр. Осыған байланысты көші-қон қызметі оның материалдарын Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полициясына жолдап, әйел мен баланы шұғыл іздестіру шараларын бастаған.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының Полиция департаменті мен Алмалы аудандық полиция басқармасы Сананы іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді
- Әкесі ұлын екі жылдан бері көрмеген: АҚШ-та қамауға алуға ордер шыққан әйел Қазақстанда баласымен қашып жүр
- Қазақстандықтардың депозиттен түсетін табысы азаяды
- ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған бюллетенді көрсетті
- Президент: Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желіге айналдыру
- Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ресейдің әскери ынтымақтастық келісімін өзгерту жоспарына қатысты пікір білдірді
- Трамп: АҚШ пен Иран келіссөздерді бүгін қайта бастайды
- Мешітке келген жасөспірімдердің бірінің мұрнын сындырып, екіншісінің миын шайқаған адам сотталды
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы былық: 36 қылмыстық іс пен 3,5 млрд теңгеден асатын шығын
- Қазақстанды қоса алғанда ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіруді арттырады
- Иран СІМ: Соғыс пен бейбітшілік уақытын АҚШ белгілемейді
- АҚШ-та іздеуде болған әйгілі картель басшысы Мексикада ұсталды
- Қазақстанда жаңа теміржол желісі салынады
- Shubat Fest: Маңғыстауда шұбат пен түйе сүтінен жасалған өнімдер фестивалі өтеді
- Ғалымдар АИТВ-ның алдын алуға арналған жаңа препарат әзірледі
- Енді шенеуніктермен әңгімеңіз жазылады: Азаматтарды қабылдау тәртібі өзгереді
- Жалға пәтер беремін деп 20 адамды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды
- «Адвокат» әкімнің аузын айға қаратып кетті
- Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат рас па?