Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды ма?
Коллаж: Orda.kz
Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үйді аукционға дейін сатып алды деген ақпарат тарады. Orda.kz бұл мәліметті нақтылау үшін Жәкішевтің өзінен сұрады.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы Нұра шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-мекенжайында орналасқан бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп көрсетілген жылжымайтын мүлік аукцион арқылы сатылуы тиіс болғаны, бірақ оны Мұхтар Жәкішев аукционға дейін сатып алғаны жайлы ақпарат тарады.
Белгісіз дереккөздерге сүйенген хабарламаларда кәсіпкердің сатылымға дейін келісімге келгені айтылған.
«Бұл әдеттегі көп сандырақтың бірі. Мен тіпті Кәрімнің үйінің сатылымға шығатынын білген жоқпын», – деді Мұхтар Жәкішев Orda.kz тілшісіне.
Сонымен қатар, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілерде бірқатар активтің аукционсыз сатылғаны және сатып алушысы анықталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Барлық активтер тек «E-Qazyna» мемлекеттік порталында белгіленген ережелерге сай сатылады», деп мәлімдеді компания.
Мұхтар Жәкішев – қазақстандық кәсіпкер, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы. 1998-2009 жылдары компанияны басқарды және Қазақстанның уран өнеркәсібін әлемдік деңгейге шығарған негізгі тұлғалардың бірі.
Ол 2009 жылы сыбайлас жемқорлық айыбымен тұтқындалып, 11 жылға сотталды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп таныды. 2020 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық