Министрдің «Өмір деген жизнь» сөзін әскери палаткада түсіндім – депутат
Фото: депутат Самат Нұртазаның парақшасынан алынды
Мәжіліс депутаттары Максим Рожин, Болат Керімбек, Олжас Құспеков және Самат Нұртаза шекарашылармен бірге әскери өмірдің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл туралы депутат Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Жақында жастармен кездесіп, әскер туралы сұхбат құрып едік. Сол жиында бір жас жігіт: «Сіздер бізді әскерге баруға шақырасыздар, ал өздеріңізді әскерге шақырса барасыздар ма?» деп сұрады. Сол сөз намысты оятты. Максим Рожин Болат Керімбек Олжас Құспеков әріптестеріммен әскердің өмірін ішінен сезінейік деп, жазғы демалыстан бас тартып, өзіміз сұрандық. Енді Қазақстан Республикасы шекарашыларының тұрмыс-тіршілігін өз басымыздан өткереміз» деп жазды депутат.
Сондай-ақ ол Қорғаныс министрінің атышулы пікірін түсінгенін айтып, әскердегі әлімжеттік мәселесі бойынша түйгенін жеткізді.
«Жалпы біздің Қорғаныс министрі Руслан Фаттихұлының «Өмір деген жизнь» сөзін әскери палаткада түсіндім. Әскерилердің жауапкершіліктері ауыр. Жалақылары да айтарлықтай көп емес. Шекарашылар жеке сұхбатта 170.000-220.000тг аралығында жалақы алатынын да айтып қалды. Ең қызығы, теория жүзінде шекара бекетінің жау шапқан кездегі өміршеңдік уақыты 15 минут екен. Яғни шекара бекетінің міндеті - жауды 15 минут ұстап тұру. Болды. Ойлап қарасаң, қиын-қыстау заманда, жаумен беттесетін де осы шекарашылар. Айналамызда жүрген сарбаздардың барлығы 2003 жылы дүниеге келген жігіттер. Нағыз патриоттар. Көздерінде от. Бұйрықты екі айтқызбай орындайды. Қазақстанның әр аймақтарынан жиналған балалар. Ақырындап «Әлімжеттік» туралы сөзге тартып едім, «бізде жоқ», «білмеймін», «бұрын болған шығар» деген жауап алдым. Ләйім солай болғай. Әрине, мінез-құлқынан, сарбаздардың жүріс-тұрысынан кім «лидер», кім «момын» екені сырттай байқалады. Ер азаматтар ұжымының өз атмосферасы болатыны да анық. Мүмкіндігімізше, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі туралы жазармыз» деді Самат Нұртаза.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады