Мәди Ахметов Назарбаевты қорғайтын Елбасы заңын жоюға дауыс берді
13 күні Парламенттің қос палатасының депуттары шешімімен «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы» заңы күшін жойды.
Оның арасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда ескерткіш орнатуды ұсынған ең жас депутат Мәди Ахметов те бар.
Еске салсақ, 20 минутқа жетпейтін уақыт ішінде парламент Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты - Елбасының ерекше мәртебесінен айыруды бірауыздан дерлік мақұлдады.
Сенаттың 44 депутаты, Мәжілістің 93 депутаты «жақтап» дауыс берді. Енді заң қабылданды деп есептеліп, мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Назарбаевқа елдің барлық бұрынғы президенттеріне берілетін жалпы кепілдіктер берілетінін айта кеткен жөн. Бірақ оның отбасы мүшелері иммунитеттен айырылған.
Бірақ Елбасы заңының күші жойылғанына қарамастан, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қол сұғуға болмайды.
Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты.
– Экс-президенттің жеке басына қол сұғушылыққа келсек, оның ар-ұжданына, жеке басына қол сұғуға болмайды. Ондай жағдай заңмен қудаланады. Талқылауға салынған заңда бұрын оның отбасы мүшелерінің мүлкіне, шоттарына кепілдіктер қарастырылған. Заң қабылданғаннан кейін бұл кепілдіктер жойылады. Президент туралы заңға сәйкес, экс-президенттің отбасы мүшелеріне мұндай кепілдік жоқ, – деді министр.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті
- Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
- Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
- Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
- Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
- Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
- Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды
- Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасы журналисінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
- Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
- Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
- Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
- Болат Назарбаевтың мұрагерлеріне қойылған талап сотта қайта қаралады
- Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалды: Тұрғындар әділдік талап етеді
- «Жүрегі төрт рет тоқтады, құжатқа бір рет деп жазды»: Ақтаудағы баланың өліміне қатысты жаңа мәлімдеме
- Басын кесіп, мұздатқышқа жасырған: Хромтаудағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісіне нүкте қойылды
- Құсбегіден қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленді