Козачков президентке тағы үндеу жолдады
Қамауда отырған журналист Михаил Козачков президентке тағы үндеу жолдап, шағымын айтты.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мазалағаным үшін кешірім сұраймын. Мен журналист Михаил Козачков сізге жүгінемін. 18 желтоқсаннан күні жасамаған қылмысқа күдікті ретінде қамалдым. Бірақ бүгін мен басқа нәрсе туралы жазғым келеді. Менің болжамды қылмыстарымды тергеумен Қаржы мониторингі агенттігінің жедел-тергеу тобы айналысады. Өкінішке қарай, ҚМА қызметкерлері менің құқықтарымды жиі бұзатыны сонша, олардың әрекеттері туралы сізге шағымдануға мәжбүрмін, – деп жазды Козачков.
Журналистің пікірінше, ол ұсталған күні адвокат жіберілмеген. Сондай-ақ үйді тінту кезінде де адвокат болмаған.
Агенттік қызметкерлері Козачковтың балаларының компьютері мен планшетін тәркілеген. Бұл балалардың білім алуына кері әсерін тигізгенін айтады.
– Мен екі апта болған тергеу изоляторының камерасынан радио микрофон таптым, тіпті түрмеде отырғанда да мен үнемі бақылауда боламын деген ойға келдім. ҚМА қызметкерлері менің әпкелеріме тінту жүргізген. Олардың біреуі куәлік беруден бас тартқанына қарамастан, жауап алынды, – деп жазды ол.
Жаңалықтар
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр