Қазақстан экономикасы 2023 жылы шамамен 5 пайызға өсті

cover

2023 жылдың 12 желтоқсанындағы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров биылғы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9 пайыз болғанын айтты.

Ол газ және мұнай өндірісі өсіміне тоқталды.

Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасының даму қорытындыларын жариялады.

«Биылғы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,9 пайызға өсті. Соның ішінде нақты сектордағы өсім 3,5 пайыз, ал қызмет көрсету секторындағы өсім 5,6 пайыз болды. Құрылыс, сауда, ақпарат және коммуникация, сондай-ақ көлік және қоймалау шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 14,6 пайызға жетті»,- деді министр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар