Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
Фото: КҚК
Ұшқышсыз ұшу аппараты Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы №1 қашықтағы айлақ құрылғысында тиеу кезінде тұрған NELSA мұнай танкеріне шабуыл жасады,деп хабарлайды Orda.kz
Каспий құбыр консорциумы мәліметінше соққыдан кейін кемеде өрт шықты.
КҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, дрон танкердің артқы бөлігіне тиген. Соның салдарынан палуба мен кеменің бірнеше ішкі бөлігі өртенген.
«Оң борттың артқы бөлігінде, қондырма мен машина-қазандық бөлімінің арасында соққы салдарынан палубада және танкер бөлімдерінде өрт пайда болды. Өрт бірнеше сағат ішінде танкердің тиеу бригадалары мен КҚК-ның жүзбелі апаттық әрекет ету күштері арқылы сөндірілді. Мұнай тиеу тоқтатылды, мұнайдың төгілуіне және резервуарларда тұтануына жол берілген жоқ», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бортында 22 адам болған танкер экипажы КҚК сүйремелерімен эвакуацияланғаны, кемеде тек капитан мен оның аға көмекшісі қалғаны айтылды. Соған қарамастан, кеме жүзу қабілетін сақтап қалды.
Бұған дейін 19 шілде күні таңертең ұшқышсыз аппараттар Каспий құбыр консорциумының ҚАҚ-1 (қашықтағы айлақ құрылғысы) және ҚАҚ-3 қашықтағы айлақтарында тиеу кезінде тұрған екі танкерге соққы жасағаны хабарланған еді.
Қазақстан бұл әрекеттерді айыптады.
Біз алдыңғы оқиғадан кейін Қазақстанның Энергетика министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасағанын жаздық. Ведомство 17 және 19 шілдеде Қара теңізде болған азаматтық кемелерге жасалған ұшқышсыз аппараттар шабуылдарын қатаң айыптап, мұндай оқиғалар соңғы күндері бірнеше рет қайталанғанын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық