Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
Фото: Pixabay.com
Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орналасқан шаруа қожалығы аумағындағы құдықта алты адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы жасөспірім де бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 20 шілде күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Жоламан ауылында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында бірнеше адам құдыққа түсіп, сол жерде көз жұмған. Бейресми ақпаратқа сәйкес, олар құдықтағы ақауды жөндеу үшін түскен.
Төтенше қызметке шақырту сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қаза болғанын анықтады. Марқұмдардың ең жасы – 16 жаста. Тағы бір 1988 жылы туған ер адам көмірқышқыл газынан уланып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп мәлімдеді полиция.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
Талдықорғанда төрт метрлік ашық құдыққа 14 жастағы қыз құлап кетті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық