Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
Фото: Егемен Қазақстан
Алматы облысындағы ауруханада бірден үш жаңа туған нәресте шетінеп кетті. Сәбилерінен айырылған ананың туыстары дәрігерлер медициналық көмек көрсету кезінде қателік жіберуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Айдана Оразбаеваның жүктілігі алты ай бойы дұрыс өткен, дейді туыстары. Олардың сөзінше, 17-сінен 18 шілдеге қараған түні әйелдің суы кетіп, мерзімінен бұрын босанатыны белгілі болады.
Бұл туралы Almaty TV арнасының сюжетінде көрсетілді.
Алдымен оны тіркеуде тұрған Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізген. Кейін науқас Қаскелеңдегі перзентханаға ауыстырылған. Таңғы сағат жетіде үшем дүниеге келген. Алайда бірнеше сағаттан соң олардың екеуінің шетінеп кеткені айтылған.
«Негізі біз жоспарлы кесарь тілігі үшін қалалық перзентханаға жатуымыз керек еді. Бірақ аяқ-астынан шұғыл жағдай туындады. Ұлым дәрігерлерден бізді қалаға жіберуді сұрады, өйткені бұл – үшем. Ол мұндай күрделі босануды қабылдай ала ма деп сұрады. Бірақ оған іштегі балалардың өте кішкентай екенін, табиғи жолмен босандыруға болатынын айтқан. Таңғы жетіде балалар дүниеге келді, кейін екі сәбидің бірінен соң бірі шетінеп кеткенін естідік. Оның өзін дәрігерлерден емес, келініміз арқылы білдік», – дейді Босанған әйелдің туысы Гүлжәмила Төлешова.
Туыстарының айтуынша, жаңа туған нәрестелердің денелерін тапсырғанда оларға ешқандай ресми құжат берілмеген. Оның үстіне, сәбилерді жерлегеннен кейін отбасы үшінші баланың жағдайын білу үшін қайта перзентханаға барған кезде тағы бір қайғылы хабар естіген.
«Үшінші сәбидің жағдайын білуге бардық. Келініміздің өзі ішкі қан кетуден кейін есін жиып жатқандықтан ештеңе айта алмады. Педиатрға жүгінгенімізде, ол қай баланы айтып тұрғанымызды сұрап, үш баламыздың да таңертең қайтыс болғанын айтты. Неге бұны жасырғаны түсініксіз», – дейді Жазира Төлешова.
Ержан Екейбаев та бұл жағдай төбелерінен тас түскендей есеңгіреткенін айтады.
«Біздің күмәніміз бар. Тіпті бізге өз балаларымызды берді ме, оған да сенімді емеспіз. Оларды жай ғана матаға орап, қорапқа салып тапсырды. Ешқандай құжат, сараптама қорытындысы берілген жоқ. Ресми қағаздар берілуі керек еді», – дейді ол.
Қарасай аудандық ауруханасының мәліметінше, науқас 25 апталық жүктілікпен түскен және оны басқа медициналық мекемеге ауыстыру мүмкін болмаған.
«Жүктіліктің 25-аптасында үшем босану – өте ауыр жағдай, шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Әйел ауруханаға жатқызылды. Таңғы жетіде дене салмағы өте төмен үш нәресте дүниеге келді. Мұндай мерзімде өмірлік маңызды ағзалар, әсіресе өкпе мен орталық жүйке жүйесі толық қалыптасып үлгермейді. Қазір көрсетілген медициналық көмек сапасына ішкі аудит жүргізіліп жатыр» деп хабарлаған Қарасай орталық аудандық ауруханасы.
Оқиғадан кейін туыстары құқық қорғау органдарына жүгінген. Олар тәуелсіз әрі жан-жақты тергеу жүргізуді, нәрестелердің өлім себептерін анықтауды және кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етуде. Сонымен қатар отбасының айтуынша, үшінші сәбидің денесі әлі күнге дейін оларға берілмеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық