Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
Фото: instagram.com/realdonaldTRUMP
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы 19 тамыздан бастап Канададан импортталатын кең ауқымды тауарларға қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл шешім АҚШ тауарларына қатысты кемсітуші шектеулерге жауап ретінде қабылданғаны туралы White House хабарламасында айтылды.
«Президент Трамп үш прокламацияға қол қойды… олар Канада тарапынан америкалық өнімдерге жасалған кемсітушілікке жауап ретінде белгілі бір тауарларға қосымша 50 пайыздық баж енгізуді көздейді» деп жазылған мәлімдемеде.
Ақ үйдің мәліметінше, бұл шара арқылы Трамп Канада тарапынан АҚШ саудасына келтірілген қиындықтар мен теңсіздікті өтеп, негізгі америкалық экспорттық тауарлар – автокөліктер, алкоголь және сүт өнімдері үшін бәсекелестік жағдайды теңестіруді мақсат етеді.
Шектеулер шамамен 300-ге жуық тауар түріне әсер етеді. Олардың қатарында смартфондар, радарлар, байланыс станциялары, цемент, пластмасса және қаптама өнімдері, тоқыма және киім-кешек, сондай-ақ жиһаз бен спорттық жабдықтар (коньки мен хоккей таяқтары) бар. Сонымен қатар, канадалық бал, тірі өсімдіктер, қағаз және өнер туындылары да қосымша баж салығына ілікті.
Сондай-ақ канадалық өндірістегі алкоголь өнімдері мен сүт өнімдердің көбіне жоғары баж енгізілді. Ал жаңа тарифтер энергия тасымалдаушыларға, калий тыңайтқыштарына, балыққа және стратегиялық маңызды минералдарға қолданылмайды.
13 шілдеде Трамп Канада билігін орман алқаптарындағы қоқысты тазаламады деп айыптап, оның салдарынан АҚШ-та ауа ластанып жатқанын мәлімдеген. Ол бұл «немқұрайлылықтың» орнын толтыру үшін тарифтерді арттырумен қорқытқан еді.
Қаңтар айының соңында Трамп Канада Қытаймен сауда келісімін жасайтын болса, АҚШ-қа әкелінетін барлық канадалық тауарларға 100 пайыздық баж салығы енгізілетінін де ескерткен.
Оқи отырыңыз:
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық