Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
Фото: instagram.com/d.satpayev
Кездесу клубтың жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның Челси клубы сапында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы британдық журналист Низаар Кинселла мәлімдеді.
17 жастағы шабуылшы Кобхэмдегі клубтың жаттығу базасында өткен жабық жолдастық матчта Кроули Таун командасына қарсы ойында дебют жасады. Сәтпаев алаңға екінші таймда шықты.
Кездесу Челси командасының 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Алғашқы голды Джейми Гиттенс соқты, ал үзілістен кейін команданың жаңа ойыншысы Эммануэль Эмега және Лиам Делап мергендік танытты.
Матчты «Челсидің» жас ойыншылары бастады, олардың қатарында Махди Нишоль-Жазули мен Лэндон Эменало болды. Үзілістен кейін алаңға сондай-ақ Реджи Уотсон, Реджи Уолш, Райан Кавума-Маккуин, Калвин Диаките, Генезис Анви және Дастан Сәтпаев шықты.
2025 жылғы Қазақстан чемпионатында Сәтпаев 26 матч өткізіп, 14 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер оны «Қайраттың» шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың біріне әрі турнирдегі ең нәтижелі жас футболшылардың қатарына қосты.
Дастан Сәтбаев – АПЛ-дегі алғашқы қазақстандық. Дастан Сәтбаевтың «Челси» клубына трансфері 2025 жылдың ақпан айында рәсімделген болатын. Сол кезде оның кәмелет жасына толмайынша Англияға ауыса алмайтыны айтылған.
Маусым айының ортасында Алматылық «Қайрат» клубы мансабын ағылшынның «Челси» клубында жалғастыратын Дастан Сәтбаевпен қоштасты. Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында «Қызылжарға» қарсы матч алдында клуб 17 жастағы шабуылшыға арнайы салтанатты шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.
«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшыға 58 нөмірі бейнеленген естелік жейдені табыстады. Бұл – Сатбаевтың негізгі құрам сапында өткізген матчтарының саны. Сондай-ақ стадионда оның есімі жазылған баннер ілінді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық