Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
Фото: Әлеуметтік желіден
Жігіттің бір әрекеті мыңдаған талқылауға себеп болды. Махмудтың оқиғасы әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшілік қарапайым әдетті үлгіге айналдыруға болатынын сөз етіп жатыр жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желі дәуірінде қолданушыларды таңғалдыру қиын екені рас. Күн сайын ондаған вирустық бейне пайда болады, бірақ олардың бәрі бірдей адамды ойландырмайды.
Осындай видеолардың бірі Астанадағы автобустардың бірінде түсірілген. Қолына су толы шелек көтерген жас жігіт ешкімнің өтінішінсіз қоғамдық көліктің еденін мұқият жуып жүр. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап, жүздеген пікір мен талқылауға себеп болды.
Бейненің басты кейіпкері – елорданың 27 жастағы тұрғыны Махмуд. Оның айтуынша, бұл ерекше ой кенеттен пайда болған, бірақ бірден іске асыруға асықпаған.
«Кеңседе отырдым, дәптерге бірдеңе жазып отырғанмын, кенет осындай ой келді. Бірақ оны бірден қолға алмадым. Бір апта, бәлкім екі апта ойландым. Сосын бәрібір байқап көріп, қандай реакция болатынын білгім келді», – дейді ол.
Нәтижесінде бейнежазба көп қаралым жинап, оның әрекеті қолданушылар тарапынан оң қабылданды. Махмуд үшін ең бастысы – адамдардың реакциясы болған.
«Көріп отырмын – адамдарға ұнайды. Көреді, күледі. Мүмкін біреу үлгі алар. Тіпті тазаламаса да, ең болмаса қоқыс тастамаса екен. Қай жерде болса да – көшеде, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда немесе үйде, кіреберісте, аулада», – дейді
Оның айтуынша, ол үшін басты мақсат – өз әрекетіне назар аударту емес, әр адамға байланысты қарапайым дүниелерді еске салу. Оның пікірінше, қаланың тазалығы коммуналдық қызметтің ғана емес, тұрғындардың да жеке жауапкершілігінен басталады.
Махмудты ең қатты таңғалдырғаны – қаралым мен пікір саны емес, бейненің мүлде бейтаныс адамдарға сыйлаған эмоциясы.
«Шынымды айтсам, маған сол энергия ұнады. Бір жақсы алмасу болды. Маған ұнады», – дейді ол.
Ол бұл бастаманы тұрақты акцияға айналдыруды жоспарлап отырған жоқ. Қазір оның басқа идеялары бар, бірақ болашақта мұндай тәжірибені қайталауы мүмкін екенін жоққа шығармады.
«Шынымды айтсам, тағы барып автобус жуу керек пе, жоқ па – білмеймін. Қазір басқа жоспарлар бар», – дейді ол.
Сонымен қатар, Махмуд ешкімді арнайы үгіттеудің қажеті жоқ деп санайды. Оның ойынша, қоршаған ортаға құрметпен қарау – әр адамның ішкі таңдауы болуы тиіс.
«Адамдарды тартуға болады, әрине. Бірақ меніңше, әр адам өзі түсінуі керек: бұл – қоршаған орта, табиғат. Әлем бізге бәрін берді – ауа, тазалық, денсаулық. Біз тек соны сақтап, құрметпен қарауымыз керек», – дейді ол.
Бұл жай ғана шелек алып, автобус жуу емес. Бұл – бір ерекше әрекеттің өзі адамдарды күнделікті дүниеге басқа көзқараспен қарауға жетелей алатынын еске салатын мысал деп ойлаймыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық