Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
Фото: ҚР ТЖМ
Мемлекеттік орман табиғи резерваты Семей орманы аумағында тағы екі жаңа орман өрті тіркелді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, өрттердің шығуына найзағайдың түсуі себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан аумағында Семей орманы, Ертіс орманы мемлекеттік орман табиғи резерваттары мен Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағында барлығы 19 орман өрті тіркелген.
20 шілде күні «Семей орманы» резерваты филиалының қала маңындағы орманшылықтың 55 және 65-кварталдарында тағы екі жаңа өрт ошағы пайда болды. Әр ошақтың аумағы шамамен екі гектар болады.
Министрлік өрт сөндірушілер хабар түскен бойда тілсіз жауды сөндіруге кіріскенін мәлімдеді.
«Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және оны жедел жою үшін қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды. Жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында» деп жазылған ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ өртті сөндіруге тікұшақ, «Қазавиаорманқорғау» күштері, «Семей орманы» қызметкерлері және Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері тартылғаны айтылды.
Бұған дейін Қазақстанда бір тәуліктің ішінде елдің әртүрлі өңірлерінде төрт орман өрті сөндірілгені хабарланған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық