«Есімде жоқ»: Шерзаттың сотында куәгер болған қыздың өтірігі ашылды

Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта және тергеу кезінде куә ретінде сөз сөйлеген Нұрбекованың берген жауаптары бір-біріне қайшы шықты. Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта куәгерлердің алдын ала берген жауаптарының бейнежазбалары көрсетілді.
Сот барысында Эльмира Нұрбекованың алдын ала алынған жауабының бейнежазбасы көпшілікке көрсетілді. Онда Нұрбекова Шынасыл Абзалдың Шерзат Полаттың үстіне отырып алып пышақ сұққанын баяндаған. Бейнежазбаны көрсетуге себеп – куәгердің сөздерінде қайшылықтардың анықталуы болды.
Сондай-ақ сотта Эльмира Нұрбекова мен Қаржаубай Нұрымовты беттестіру кезінде жазылған бейнежазба да көрсетілді. Беттестіру барысында Нұрымов Нұрбекованы алғаш рет 3 қазан күні ғана көргенін айтқан.
Ал Нұрбекова Қаржаубайдың қолында мылтық болғанын және дүкенге кіргенде «шығыңдар, атамын» деп қорқытқанын мәлімдеді. Бұған дейінгі сот отырысында Нұрбекова мылтықты сақалды ер адамның қолынан көргенін айтқан болатын.
Бұдан бөлек, Нұрбекованың тағы бір сәйкеспейтін жауабы белгілі болды.
Бұған дейін ол оқиға орнынан жедел жәрдем шақырғысы келгенімен, байланыс болмағанын айтса, бүгін сотта «қолымда телефон болмаған» деп жауап берді.
Прокурор Дана Сәрсенбай тергеу кезінде Нұрбекова баланың қансырағанын және Абзал Шынасылдың ұрып жатқанын көргенін айтқанын, ал сотта ол жағдайды «есімде жоқ» деп мәлімдегенін атап өтті.
Нұрбекова өз жауабында «мен тек тезірек кеткім келді» деп жауап беріп, тергеу кезінде қай тілде сөйлегенін де ұмытып қалғанын айтты. Прокурордың қосымша сұрақтарына куәгер әрдайым «есімде жоқ» деп жауап беріп отырды. Алдын ала жауаптарында Нұрбекова Шерзаттың киімін нақты сипаттағанын, бірақ қазір оны да ұмытып қалғанын айтты.
Прокурор Нұрбековадан: «102-ге хабарласудан қорқып, бірақ түнде қаруланған еркектермен жүруден қорықпадыңыз ба?» деп сұрады.
Сонымен қатар, прокурор оның төрт бала тәрбиелеп отырғанын ескере отырып, Шерзаттың анасына неге көмектеспегенін сұрады. Нұрбекова тек: «қорықтым, бұл мен үшін бірінші рет болды», - деп жауап берді.
Сот отырысы өтіп жатыр. Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, тікелей ақпарат таратады.
Еске сала кетейік, өткен сот отырысында негізгі куәлердің бірі — Эльмира Нұрбековадан жауап алынған болатын.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын көргенін айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Сонымен қатар басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов та куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- «Қазақстандағы түрме азабы»: «Қара генерал» ісіндегі шезофрениямен ауыратын сотталушының қор болған ғұмыры
- Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыстық іс қайта қаралып жатыр
- «Әкімдіктегі жемқорлық»: Ақтөбеде мердігерді қорқытып пара алған шенді әкімді сотқа шақырды
- Салық кодексіне өзгерістер енгізілді
- «Жетімін жылатпаған қазақ»: Қонаевтағы балалар үйінің жағдайы қалай?
- Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
- Прокурор Алматы әуежайында шу шығарған ер адамды 10 жыл 6 айға соттауды сұрады
- Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
- «Жаза бәріне ортақ»: Премьер Бектенов Назарбаевтар әулетіне қатысты тергеу ісі туралы айтты
- Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма? Премьер өзі түсініктеме берді
- Жәбірленуші бола тұра қылмыскер атандым: Аяусыз пышақталған жасөспірімнің анасы әділдік сұрайды
- Мен халыққа жақсы атану үшін «тариф өспейді» деп айтқым келмейді – премьер-министр
- Перизат Қайраттың Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар
- Алматыда ер адам сүйіктісінің өгей әкесін бауыздап өлтірді
- Атыраулық көпбалалы ана сүндетке отырғызу бағасына наразы болды
- Тоқаев әскери-әуе күштері қолбасшысын қызметінен босатты
- Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті
- Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босатылмайды
- Семейде қылмыс әлемінің серкесі Лёха Семипалатинскийге ескерткіш орнатылды
- Ақтөбеде түнде полиция бөліміне рұқсатсыз кіргендер қамалды