Динара Сәтжан сүйіскен екі ер адам туралы айтты
Журналист әрі тележүргізуші Динара Сәтжан Астанадағы жеделсатылардың бірінде сүйіскен екі ер адамның видеосына байланысты өз ойын айтып берді.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Егер адам өз ісінің маманы болса, кімнің кіммен жатқаны бәрібір емес пе? Жеделсатыда сүйісе ме, көшеде сүйісе ме, бәрібір емес пе? Жеке өмір құпиясын бұзғаны үшін бізде қылмыстық жауапкершілік бар. 147 ҚР ҚК қол сұғылмаушылықты бұзу. Видеоға түсіріп, желіге салып жіберген адамның өзін көргім келеді. Ол соншалықты мінсіз беделге ие ме екен?! Мен жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім. Бұл нашар әрекет» деп жазды Динара Сәтжан.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде Астанадағы жеделсатыда сүйісіп тұрған екі ер адам видеоға түсіп қалды. Кейбір telegram-арналар видео кейіпкерлерін Энергетика министрлігінің қызметкерлері деп атады. Бірақ министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Таратылған видеодағы адамдар Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мән-жайды анықтау үшін департамент тиісті органдарға хабарласады» деп мәлімдеді ведомство.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды