Бүгін — Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Биыл Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келді, 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, деп хабарлайды Orda.kz.
Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санау күн емес, ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Аспанда жаңа ай туғанда күнтізбеде де жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.
Арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін» деген.
Құрбан айттың алғашқы күні Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.
Қасиетті Құрбан айт мейрамы мұсылмандардың Мекке мен Мәдина шаһарларында қажылық парызын өтеумен аяқталады. Құрбан айт мерекесінде мүмкіндігі бар әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың ризашылығы үшін құрбандық шалуы тиіс.
Ең бастысы - құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сонымен қатар пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналса керек.
Əрбір жағдайы бар, əрі жолаушы ретінде жолға шықпаған мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп.
Бұл арада бір ескерерлігі кез келген мал құрбандыққа жарамайды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малының еркектері де, ұрғашылары да жарамды. Дегенмен қой мен ешкі төлі ең кем дегенде бір жасар болуы қажет. Бірақ алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарайды.
Ал, ешкі малының міндетті түрде бір жасқа толғаны абзал. Сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толғанда құрбандыққа шалуға болады.
Сондай-ақ, құрбандық малының дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек. Оның бойында құрбандық ретінде шалуға кедергі келтіретін кемшілік болмауы тиіс. Мысалы, құрбан малының екі немесе бір көзінің соқыр, бауыздалатын жерге өздігінен жүріп бара алмайтындай көтерем, екі құлағының не бір құлағының басым бөлігінің жоқ болуы секілді кемшіліктері болса ондай мал жарамсыз болады.
Құрбан айт – халықтың ынтымағын нығайтып, елдің ауызбіршілігін күшейте түсетін айтулы мереке болғандықтан қазақ халқы дәл осы күні туған-туыс пен көрші-қолаңның үйіне айттап баруды дәстүрге айналдырған.
Құрбандық етін үшке бөліп, таратады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге үлестіріледі. Мешіттерімізде жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша құрбандық еті əлеуметтік аз қамтылған, көп балалы жəне жағдайы төмен отбасыларға таратылып беріледі.
Құрбан шалған адам құрбандық малын Құрбан айт намазынан кейінгі үш күн ішінде сояды.
Ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – уәжіп (міндет). Шариғат бойынша «бай» деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адам айтылады. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі) немесе 30 ірі қара немесе 5 түйе. Ол да болмаса қажетінен артық 85 грамм алтын (1,2 млн теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.
Құрбандық шалу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған, ауқатты, өз баспанасы бар әрбір мұсылманға бұйырылады. Ал жолаушыға, уақытша (15 күннен аз) қоныстанған, қажыға барған (меккеліктен басқа) және кедей адамға құрбандық шалу міндет емес.
Ақылды, балиғат жасына толған адам құрбандықты өз атынан шалады. Кішкентай балалардың атынан құрбандық шалу міндет емес.
Ораза айт пен Құрбан айт намазына қалай дайындалу керектігі жөнінде мына жерден оқыңыздар .Құрбан айт намазының уақыты туралы мына жерден қараңыз.
Жаңалықтар
- «Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
- Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді
- Қазақстандық қыздардың Вьетнамдағы вебкам-желісі әшкере болды
- Таразда синтетикалық есірткі тасып жүрген шетелдік курьер қолға түсті
- Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
- 686 камера «көрмей қалған» қылмыс: Заречный түрмесіндегі айыпталушылар жалған қолтаңба мен қысым жайлы айтты
- «Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янь қазақстандық жас қаламгерлерге шеберлік сабағын өткізеді
- «Алаяқтардан алданып, қарызға батқан»: Курьер-ананың жағдайы айтылды
- Иран БАҚ-тары АҚШ-пен жасалуы мүмкін бейбіт меморандумның жобасын жариялады
- Тоқаев: Екі ел тату, «Қазақ-қырғыз – бір туған»
- Туристерді Қытайда далаға тастап, тағы 70 адамды алдаған фирма бастығы ұсталды
- Шымкент — Астана рейсінде 7,6 миллион теңге ұрлаған шетелдіктер ұсталды
- Қазақстан ТМД елдері арасында көшіп келушілер үшін ең қолайлы мемлекет ретінде бірінші орында
- Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісінен неге әлі жауап алынбады?
- Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атануы мүмкін
- 9 рет пышақ сұққан: 12 жастағы баланы қатыгездікпен өлтірген, марқұмның анасы оқиға қалай болғанын айтып берді
- Шетелдіктер үйінде жатып-ақ заңсыз түрде Қазақстан ЖСН-ін рәсімдеген
- Трамп: Иранмен келісім осы демалыс күндері жасалуы мүмкін
- «Қылмыстық қудалау тоқтады» Данияр Мейірханның адвокаты жаңа мәлімдеме жасады