«Алаяқтардан алданып, қарызға батқан»: Курьер-ананың жағдайы айтылды
Фото: TH/ @papawayupa
Төрт айлық баласын көтеріп курьер болып жүрген алматылық келіншектің оқиғасы қоғамда қызу талқыға түсті. Отбасының баспанадан бастап денсаулыққа дейінгі мәселелермен бетпе-бет қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы көшелерінде төрт айлық сәбиін көтеріп тапсырыс тасыған 20 жастағы келіншектің оқиғасы қоғам назарын аударды. Жас ананы тауып, мән-жайды білген Алмат Несіпқалиев бұл отбасының қандай ауыр қиындыққа тап болғанын толық баяндап берді. Ол әзірге ешқандай қаражат жинау басталмағанын айтып, жұртты алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Ерлі-зайыпты қазір бір бөлмелі жер үйде жалдап тұрады. Келіншектің көше кезіп жұмыс істеуінің басты себебі – олар пәтер мәселесі бойынша алаяқтарға алданып, қатты қарызға батқан. Дәл сол күні олар пәтерақы төлеуі тиіс болған. Мемлекеттен берілетін 25 мың теңге жәрдемақы ішіп-жемнен артылмайды. Оған қоса мойындарында несиелері мен ломбардқа өткізген заттарының өсімпұлы бар. Ал курьерлік қызметтегі бір тапсырыс үшін небәрі 500-600 теңге ғана төленеді.
Отағасының да жағдайы мүшкіл. Ол жалдамалы көлікпен такси қызметінде істейді. Жақында денсаулығы күрт нашарлап, шұғыл ота жасау қажет болған. Алайда ақшаның жоқтығынан оны кейінге қалдырған. Амалсыздан күйеуі ауырсынуды басатын дәрі ішіп жұмысқа шықса, әйелі кішкентай сәбиімен курьер болуға мәжбүр болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық