Иран БАҚ-тары АҚШ-пен жасалуы мүмкін бейбіт меморандумның жобасын жариялады
Фото: FOTODOM
Mehr агенттігінің мәліметінше, құжат 14 тармақтан тұрады және Иран мен АҚШ арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Меморандум жобасында:
- Соғысты барлық бағытта, соның ішінде Ливанда да дереу әрі түпкілікті тоқтату;
- Иранды қалпына келтіруге арналған кемінде 300 миллиард долларлық америкалық қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу;
- АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласпау міндеттемесі;
- 30 күн ішінде АҚШ-тың теңіз блокадасын алып тастауы және шекара маңындағы күштерін шығаруы, ал Иранның Ормуз бұғазын қайта ашуы;
- 60 күн ішінде ядролық бағдарлама мен барлық америкалық санкцияларды жою жөнінде келіссөздер өткізу;
- АҚШ-тың Иранның бұғатталған 24 миллиард доллар активін босатуы. Оның жартысы ядролық келіссөздер басталғаннан кейін қайтарылмақ;
- Келісімнің орындалуын бақылайтын арнайы бақылау тетігін құру қарастырылған.
Сонымен қатар құжатқа сәйкес, Иранның активтерінің кемінде жартысы қайтарылмайынша, мұнай санкциялары тоқтатылмайынша және теңіз блокадасы алынбайынша түпкілікті келісім бойынша ресми келіссөздер басталмайды.
Әзірге бұл құжаттың ресми түрде бекітілгені расталған жоқ. Тараптар меморандум жобасын талқылауды жалғастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық