Құрбан айт намазының уақыты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы Құрбан айт мерекесіне арналған мерекелік айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Биыл барша мұсылман асыға күтетін құрбан айттың бірінші күні 6 маусым, жұма күніне сәйкес келеді.
ҚМДБ мәліметінше, еліміздің әр өңіріне арналған айт намазының нақты уақыты басқарманың ресми сайтында жарияланған. Намаз уақыты өңірлердегі күннің шығуына байланысты әртүрлі болады, сол себепті тұрғындарға өзі тұратын облыстың кестесін алып қарау ұсынылады.
Айта кетейік, Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні — ресми түрде демалыс күні болып белгіленген. Бұл дегеніміз — маусым айында, жұмыс кестесіне қарамастан, барлық қазақстандықтар 6 маусым күні қосымша демалыс алады.
Бес күндік жұмыс режиміндегі қызметкерлер үшін — 6, 7 және 8 маусым күндері ұзартылған үш күндік демалыс болады.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар — 6 және 8 маусымда демалып, екі күн тыныға алады.
Құрбан айт күнгі намаз уақыты:
- Астана қаласы 06:00
- Алматы қаласы 06:00
- Шымкент қаласы 06:00
- Абай облысы 07:00
- Ақмола облысы 06:00
- Актөбе облысы 06:30
- Алматы облысы 06:00
- Атырау облысы 06:30
- БҚО 06:30
- Жамбыл облысы 06:00
- Жетісу облысы 06:00
- Қараганды облысы 06:00
- Қостанай облысы 06:30
- Қызылорда облысы 06:00
- Маңғыстау облысы 06:30
- Павлодар облысы 06:30
- СҚО 06:00
- Түркістан облысы 06:00
- Ұлытау облысы 06:00
- ШҚО 07:00
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады