Туристерді Қытайда далаға тастап, тағы 70 адамды алдаған фирма бастығы ұсталды
Фото: freepik.com
Бұған дейін Қытайда туристерді тастап кеткен жанжал халық арасында резонанс тудырған болатын. Ақтөбе соты алаяқтық жасады деп күдікке ілінген, туристік фирма директорының ісін қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 37 жастағы ер адам туристік сапарларды ұйымдастырып, жолдама үшін ақша алғанымен, өз міндеттемелерін орындамаған. Соның салдарынан бірақ адам не турсыз, не ақшасыз қалған.
Ақтөбе облыстық полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдарына 70-тен астам жәбірленуші жүгінген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 32 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, барлық мән-жай мен жәбірленушілердің нақты саны анықталуда.
Полицейлер осы туристік фирманың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласындағы №1 полиция бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша жақын бөлімге хабарласуға шақырды.
Еске салсақ, маусым айының басында Ақтөбедегі полиция ғимаратының алдына осы турфирманың біраз клиенті жиналған. Олардың арасында Алматы, Астана, Атырау және Орал қалаларының тұрғындары болған.
Туристердің бірі Қытайға сапар кезінде гид түн ортасында 15 адамның тек бесеуіне ғана қайтар билет алынғанын хабарлағанын айтқан. Қалғандары елге өз қаражатымен қайтуға мәжбүр болған. Компания директоры Еркебұлан Аймұратұлы сол кезде ақшаны 10 маусымға дейін қайтаруға уәде берген екен.
Алданғандардың көбі Ақтөбеден. Шағымданушылардың қатары әлде де көбеюі мүмкін. Өйткені, өзге облыстардан да хабарласып жатқандар баршылық екен. Шағымданушылар туристік фирманың өкілеттігін тоқтатуды сұрайды. Өйткені компанияның жарнамасы әлеуметтік желіде әлі жүріп жатқан көрінеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық