Тоқаев: Екі ел тату, «Қазақ-қырғыз – бір туған»
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
«Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай президент Садыр Жапаровқа құттықтау хат жолдадым», – деді президент.
Марлен Маматалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, президент Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді
«Қырғыз тарабы Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін. Қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспін , – деді Жогорку Кенеш Төрағасы.
Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді.
Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.
Оқи отырыңыз:
- Бір палаталы парламентке көшу: Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық