БҚО-да күйеуін киллер жалдап өлтірмек болған әйелдің соты басталды
Фото: «Мой город» басылымы
2024 жылдың 6 қарашасында Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында тапсырыспен адам өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» өңірлік басылымына сілтеме жасап.
Айыпталушылар орындығында – 40 жастағы Эльвира Еркебаева мен 33 жастағы Максим Кузнецов отыр. Оларға алдын ала келісіп, адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. Істі қазылар алқасы қарап жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, әйел 33 жастағы киллерге 1,3 миллион теңге бергені айтылды. Жалпы ол екі миллион теңге беруді жоспарлаған. Бұл ақшаға күдікті тапанша сатып алып, ер адамды өлтіруі керек болған.
2023 жылдың желтоқсан айында Кузнецов бұрын сотталған танысы Галиевке «тапсырыс орындау» туралы өтініш білдірген. Бірақ ол жоспарланған қылмыс туралы полицияға хабарлаған. 26 ақпанда Еркебаева мен Кузнецов ұсталды.
Сот отырысына жәбірленуші Ербол Еркебаев онлайн түрде қатысты. Ер адамның екі аяғы жоқ, мүгедек. Оның айтуынша, өзін «тапсырыспен өлтірмек болғаны» туралы жаңалық оны есеңгіретіп тастаған.
«Кузнецовты білетінмін, жаттығу залында оған көмектесетінмін, бірақ оның сонда жүргенін ойламадым да. Ал Эльвираны бір жыл көрген жоқпын, балалар да оны көрмеді. Ол өзі кетіп қалып, менің және балалардың телефондарын бұғаттап тастады. Отбасылық өмірімізде бәрі жақсы еді. Кикілжіңдер болды, бірақ мен қол жұмсаған емеспін. Егер мен оны ұрған болсам, ол қазір мұнда отырмас еді. Мен ұра аламын, егер ұрсам, ол адам тірі қалмайды. Мүлікке келсек, «Бейбарыс» спорт кешені мен үй оған тиесілі. 2014 жылы бәрін оның атына жаздым, бірақ ол неге олай істегенімді біледі. Сол кезде біз ажырастық, бірақ ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүре бердік, ол кеткенше бірге тұрдық. Ажырасу – мен үшін тек қағаз жүзінде ғана. Эльвира менің әйелім болып қала береді», – деді Еркебаев.
«Сотталушыларға қатысты айыптарыңыз бар ма?» деген сұраққа ол: «Кузнецовқа нақты айыптарым бар, ал әйеліме жоқ», – деп жауап берді.
Сонымен қатар, процесс барысында ерлі-зайыптылар бірге тұрған кезде Ерболдың бірнеше рет әйеліне қол жұмсауға тырысқаны туралы айтылды. Алғашында қолын кесіп, екінші рет ұйықтататын дәрі ішкен. Ербол Еркебаев әйелі мұндай қадамдарға неге барғанын түсінбейтінін айтты. Соңғы суицид әрекетінен кейін әйел кетіп қалған және Еркебаев оның қайда тұратынын білмеген.
Балаларға келсек, қазір 16 жастағы қызы Эльвираның анасымен бірге тұрып жатыр, ал 12 жастағы ұлы әкесімен бірге. Әкесі ұлына анасының туыстарымен араласуға тыйым салған. Қызы әкесімен сөйлесуден бас тартады. Айыпталушының анасының айтуынша, әйел отбасынан кеткеннен кейін күйеу баласы оған қоқан-лоқы жасаған.
Зейнеткердің айтуынша, немересі де әкесінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.
Айыпталушының тәтесі Алтын Әлекешова мен әпкесі Райхан Дәулетжанова да осыған ұқсас куәлік берді. Соңғысы Еркебаевтың әйелін қатты қызғанғанын, джинсы мен көйлек киюге тыйым салғанын айтты. Ер адам екі аяғынан айырылған соң бұрынғыдан да ашушаң болып кеткен.
«2022 жылы Эльвира үйден алғаш рет кетіп қалған. Сол кезде ол алғаш рет ұрғанын айтты. Бірақ Эльвира балалар үшін үйге оралды, ұлы қатты жылап, анасын сағынып, қайтуды өтінді. Кейде ұрып-соғу қайталанатын. Тіпті оны қайнаған сумен күйдірген кездері болған. Ербол оны аңдып жүретін. Ол өте қатыгез адам, ешкімді аямайды, қылмыс әлемімен байланысы бар. Одан бүкіл Ақсай қорқады», – деді Райхан Дәулетжанова.
Келесі сот отырысы 26 қарашада болады.
Жаңалықтар
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық
- Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
- Тоқаев Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астанада үш көлік соқтығысып, велосипедшіні қағып кетті
- Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация тапсырады
- 3600 метр биіктікте адасқан үш турист құтқарылды
- Алматы маңында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді
- Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
- Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көлігі жиналды: Не болып жатыр?
- Аида Балаева: Үй мәселесіне қатысты орынсыз пікірлер буллингке ұласып бара жатыр
- Пентагон басшысы 2028 жылғы президент сайлауына түсуі мүмкін деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
- «Стик бермесең өлтіремін»: Астанадағы сауда орталығында пышақ ұстаған жігіт жұртты шулатты
- Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды: Депутаттардың жұмысын осы жерден бақылауға болады
- Бірінші сыныпқа 380 мың оқушы барады: Мектептер оларды қабылдауға дайын ба?
- Алматыда самокат мінген ер адам бордюрге соғылып, қаза тапты
- БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды