Мемлекеттік қызметшілер 2027 жылдан бастап жеке мүдделері туралы декларация тапсырады
Фото: Pexels
2027 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар мемлекеттік қызметшілер жеке мүдделері туралы декларация тапсыруға міндеттеледі. Тиісті талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Декларацияны жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалар мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тапсыруы керек.
Құжатта мемлекеттік қызметшінің:
- жақын туыстары, жұбайы, жекжаттары және онымен бір мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде жұмыс істейтін басқа да байланысты тұлғалары;
- педагогикалық, ғылыми, шығармашылық және өзге де ақылы қызметі;
- коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлікке қатысуы, оның ішінде қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейінгі бір жыл ішіндегі қатысуы;
- меншігіндегі немесе өзге де заттық құқық негізінде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Декларация белгіленген нысан бойынша жазбаша түрде толтырылып, кадр қызметіне тапсырылады. Кейін ол мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
Бұл талап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 тамыздағы №746 қаулысымен енгізілді. Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық