БАҚ: АҚШ Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф осы аптада Мәскеуге сапары кезінде Ресейге АҚШ, Ресей және Украина президенттері – Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуін өткізуді ұсынған. Бұл туралы Orda.kz Axios басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Бұл ақпаратты жағдайдан хабардар екі дереккөз растаған.
Басылым мәліметінше, Рэтклиффтің Мәскеуге сапары мақсаттарының бірі Ресейдің барлау қызметтері басшылары Ресей президенті Владимир Путинді АҚШ-тың арағайындығымен Украинамен келіссөздерді қайта бастауға көндіре ала ма деген мәселені анықтау болған.
БАҚ дерегінше, сейсенбі күні Рэтклифф Мәскеуге барып, ресейлік әріптестері – Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкинмен және Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковпен кездесті.
Дереккөздердің айтуынша, Рэтклифф Бортниковтың келіссөздерге конструктивті көзқарас танытып отырған деген қорытындыға келген. Оның пікірінше, Бортников дипломатиялық күш-жігерді қайта жандандыруға ықпал ете алады.
Рэтклифф Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бағытындағы дипломатиялық серпіліске қол жеткізу әрекеттеріне алғаш рет жеке өзі араласып отыр.
Жұма күні АҚШ шенеуніктері Украина президенті Владимир Зеленскийге ОББ директорының Мәскеудегі келіссөздері және үшжақты саммит өткізу туралы ұсынысы жөнінде ақпарат берген.
Айта кетейік, Трамп әкімшілігі бұған дейін де Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуін өткізу идеясын ұсынған болатын.
Вашингтонның арағайындығымен Мәскеу мен Киев арасында жүргізілген келіссөздер ақпан айының ортасында тоқтап қалған. Бұған АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операция бастауы әсер еткен.
Соңғы бірнеше айда Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер Ресей және Украина тараптарының келіссөз жүргізушілерімен жеке кездесулер өткізген.
Алайда Axios мәліметінше, бұл келіссөздер әзірге айтарлықтай нәтижеге жеткізбеген.
Егер үш ел басшыларының кездесуі ұйымдастырылса, бұл Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық процестегі маңызды қадам болуы мүмкін. Дегенмен әзірге үшжақты саммиттің нақты күні немесе өтетін орны жарияланған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық