Түрмеде отырған Мадуро қатты арықтап кеткен: Трамп Венесуэла мұнайын бөліске салып жатыр
Николас Мадуро. Фото: Х желісінен
Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроның АҚШ түрмесінен жаңа суреттері жарияланды. Фотолар 25 маусымда түсірілген және оның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Orda.kz.
Суреттерде Мадуро күлімсіреп, немерелеріне, балаларына және жақтастарына үндеу жасаған.
«Сіздер біздің берік тұрғанымызды, жүрегіміз сіздердің махаббаттарыңызға толы екенін білсеңіздер екен», деп жазды бұрынғы президент.
Әлеуметтік желі қолданушылары оның сырт келбетіне назар аударды. Жаңа суреттерде Мадуро бұрынғы фотоларымен салыстырғанда айтарлықтай арықтап, жүзі солғын тартқан.
Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес 3 қаңтарға қараған түні Каракаста өткен «Абсолют шешім» операциясы барысында америкалық арнайы жасақтың қолына түскен. Кейін олар АҚШ-қа жеткізілді. 5 қаңтарда Мадуро мен Флорес америкалық сот алдына барып, өздеріне тағылған айыптарды мойындамады.
Фото: Николас Мадуро
АҚШ билігі ерлі-зайыптыларды есірткі терроризміне, контрабандаға және қару сақтауға қатысты айыптап отыр. Сот процесі 2027 жылғы маусымға белгіленген.
Мадуро АҚШ түрмесінде отырған кезде Дональд Трамп жеңістің жемісін көре бастады. Республикашыл саясаткер Каракаспен «тарихтағы ең ірі» мұнай келісімі жасалғанын мәлімдеді. Оның аясында АҚШ Венесуэланың 65 миллиард баррельден астам мұнай қорына бақылау алады. Бұл елдің дәлелденген мұнай қорының шамамен бестен бір бөлігіне, яғни 22 пайызына тең. Вашингтон мұнайдың бір бөлігін АҚШ-тың стратегиялық мұнай қорын толықтыруға бағыттамақ.
Трамп АҚШ жақын арада стратегиялық мұнай қорын Венесуэла мұнайының есебінен барынша жоғары деңгейге жеткізе бастайтынын айтты. Президент мұны «Венесуэланың Америка Құрама Штаттарының халқына жасаған сыйы» деп атады.
Алайда Вашингтон мұнымен тоқтамақ емес. The Wall Street Journal мәліметінше, АҚШ билігі венесуэлалық кәсіпкер Алехандро Бетанкурмен байланысты North American Blue Energy Partners мұнай компаниясының 35 пайыздық пассивті үлесін алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар америкалық тарап компания өндірген мұнайдың 20 пайызын өзіндік құнымен сатып алу құқығына ие болуы мүмкін.
Reuters мәліметінше, ұсынылып отырған схема бойынша АҚШ бұл үлесті айтарлықтай қаржылық инвестиция салмай-ақ алуы мүмкін.
Келісімдер қазірдің өзінде пікірталас туғызды. Кейбір америкалық БАҚ пен сарапшылар мұндай шарттарды XIX ғасырдағы отаршылдықтың заманауи нұсқасымен салыстырады. Ал енді бір сарапшылар америкалық капиталдың келуі Венесуэланың күйреген мұнай саласын қалпына келтіріп, елге инвестиция тартуға мүмкіндік береді деп санайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық