Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
Бейнеден кадр
Қылмыстық схемада Қазақстан азаматы курьердің рөлін атқарған, деп хабарлайды Orda.kz ресейліа БАҚ-тарға сілтеме жасап.
34 жастағы Қазақстан азаматы телефон арқылы алаяқтық жасағандарға көмектесті деген күдікке ілінді. Саха Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқтардың құрбаны Алдан қаласының 57 жастағы тұрғыны болған.
Алаяқтар өздерін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде танысып, оның банк шотында күдікті операциялар анықталғанын айтқан. Олар жәбірленушіні оның шотына ірі көлемде ақша түсіп, кейін бұл қаражаттың Украинаға аударылғанына сендірген.
Қаскөйлер зейнеткерге терроризмді қаржыландырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін айтып қорқытқан. Содан кейін «мәселені реттеуге» көмектесуді ұсынған.
Алаяқтар оның үйінде қолма-қол ақша сақталғанын біліп, қаражатты банкке декларациялау үшін арнайы келген курьерге беруді талап еткен.
«Психологиялық қысымға түскен зейнеткер өз үйінде 2 миллион 260 мың рубль салынған пакетті бейтаныс ер адамға берген», деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Курьер Якутскідегі Даркылах паром өткелінде ұсталды. Ол таксиде отырған және республика аумағынан шығып кетуге дайын болған.
Одан жәбірленушіден алған ақшаның басым бөлігі, сондай-ақ бірнеше ұялы телефон тәркіленді.
«Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ақша заңды иесіне қайтарылады», деп нақтылады ведомство.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталғанға дейін Қазақстан азаматы қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық