Венесуэланың уақытша президенті АҚШ-пен мұнай келісімі арқылы табысқа кенелетіндерін мәлімдеді
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес халыққа үндеуінде АҚШ-пен жасалған мұнай келісімі аясында елдің қанша табыс алатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz БАҚ-тағы мәлімдемелерге сүйеніп.
РИА Новости-дің хабарлауынша, келісімнен түсетін табыс шамамен 209 миллиард АҚШ доллары болуы мүмкін. Бұл өндіріліп, сатылған әр баррель мұнайдан ел қазынасына шамамен 19 доллар түседі деген сөз.
«Нақтырақ айтқанда, бұл өндіріліп, сатылған әр баррель мұнайдан шамамен 19 доллар тікелей біздің елге түсетінін білдіреді», – деді саясаткер.
Келісім мемлекет пайдасына роялти мен пайда салығын төлеуді қарастырады. Атап айтқанда, Ориноко мұнайлы белдеуінде игерілетін сегіз жаңа учаске бойынша ең төменгі роялти мөлшері 16 пайыз, ал пайда салығы 34 пайыз болады.
Родригестің айтуынша, есептеулер мұнайдың бір барреліне 65 доллар деген баға негізінде жасалған.
Келісім 25 жылға есептелген. Оның аясында стратегиялық маңызы бар 17 кен орнын игеру жоспарланып отыр. Нәтижесінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,5 миллион баррельден асыру көзделген.
«Оның орнына Венесуэла мұнай өндіру көлемінің артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инфрақұрылымға инвестиция салынуына, мемлекет кірісінің ұлғаюына және ұлттық өнеркәсіп үшін өндірістік тізбектердің қалыптасуына қол жеткізеді», – деді Родригес.
Саясаткер Венесуэланың энергетикалық державаға айналуға, ірі мұнай өндіруші ел болуға, газдың маңызды экспорттаушысына айналуға және ұлттық мұнай-химия саласын дамытуға ұмтылып отырғанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэламен «әлем тарихындағы ең ірі» мұнай келісімі жасалғанын мәлімдеген болатын.
«Бұл тарихи келісім АҚШ-тың мұнай қорын екі еседен астам арттырады, мұнай жеткізілімін айтарлықтай ұлғайтады және барлық америкалықтар үшін бензин бағасының едәуір төмендеуіне мүмкіндік береді» деп жазды ол Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Еске салсақ, АҚШ Венесуэланың дәлелденген мұнай қорының 65 миллиард баррельден астамына бақылау орнататынын мәлімдеп, Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімінен кейін бензин бағасы түсетінін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық