Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
Фото: sportbox.ru
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті ойында жеңіс голын соғып, мансабындағы 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сауд Арабиясы чемпионатының 4-турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Тауавунмен» кездесті. Қонақтар есепті 11-минутта ашты. Қорғаушы Бассам әл-Хурайджи мүмкіндікті сәтті пайдаланып, допты алаң иелерінің қақпасына бағыттады.
Бірінші тайм аяқталуға аз қалғанда «Әл-Наср» есепті теңестірді. 45-минутта жартылай қорғаушы Саму Кошта мергендігімен көзге түсті.
Ал ойынның шешуші сәті үзілістен кейін бірден болды. 50-минутта португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду командасының екінші голын соғып, «Әл-Насрға» кезекті үш ұпайды алып берді.
41 жастағы Роналду үшін бұл гол клубтары мен Португалия құрамасы сапындағы ресми кездесулердегі 978-ші добы болды. Осылайша футбол тарихындағы 1000 голдық таңғажайып межеге жету үшін оған тағы 22 гол соғу қажет.
Роналду клубтық мансабында 832 гол соққан. Ал Португалия құрамасы сапында оның еншісінде 146 гол бар.
Бұған дейін Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы ойынында да гол соғып, футбол тарихында қатарынан 25 маусымда гол соққан алғашқы ойыншы атанған еді.
Португалиялық футболшының 1000 голдық межеге жетуі әлем футболындағы ең көп талқыланатын рекордтардың біріне айналды. Роналду бұл көрсеткішке ресми матчтардағы голдарын есептеу арқылы жақындап келеді.
Еске салсақ, Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін «Таза ар-ұжданмен кетіп барамын» деп мәлімдеме жасаған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді