Дастан Сәтбаев ««Бернлидің» негізгі құрамында да үздік ойыншы атанды
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатындағы «Бернли» мен «Норвич Сити» арасындағы кездесуде алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы алғашқы негізгі құрамдағы матчта ойнады,18 жастағы қазақстандық өзіне берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланды.
Сәтпаев бұған дейін өткен ойында алаңға қосалқы құрамнан шыққан болатын. Ал «Норвичке» қарсы кездесуде ол алғаш рет чемпионат матчында негізгі құрамда ойнады.
Дастан матчты толық 90 минут өткізді. Ол қарсылас қақпасына екі рет соққы жасап, үш рет қарсыласын алдап өтті. Ол 29 пас беріп, оның 22-сі дәл болды.
Ойын қорытындысы бойынша Flashscore порталы Сәтпаевқа «Бернли» құрамындағы ең жоғары – 7,5 ұпай бағасын берді.

Фото: flashscorekz.com
Сәтпаевтың командасы матчтың 21-минутына қарай 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Алайда 27-минутта жартылай қорғаушы Джош Лоренте «Бернлидің» бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартуына мүмкіндік берді.
Екінші таймда, 67-минутта алаң иелері есепті қайтадан ірі деңгейге жеткізді. Арада 10 минут өткен соң «Бернлидің» жалғыз голының авторы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Кездесу «Норвичтің» 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Бұл жеңілістен кейін «Бернли» Чемпионшип турнирлік кестесінде төмендеу аймағына түсіп, 22-орынға жайғасты. Никки Хаен жаттықтыратын команда чемпионатта әзірге жеңіске жете алған жоқ. «Бернли» «Вест Хэммен» тең ойнап, «Вест Бромович» пен «Норвичтен» жеңілді.
Дастанның командасы келесі кездесуін чемпионаттың 4-туры аясында «Мидлсброға» қарсы өткізеді. Ойын 2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. «Мидлсбро» қазіргі турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Айта кетейік, «Норвичпен» матч алдында «Бернлидің» бас бапкері Дастан Сәтбаевтың Англия лигасы кубогының екінші кезеңіндегі «Брэдфорд Ситиге» қарсы ойынына жоғары баға берген болатын.
Қазақстандық футболшы сол кездесуде де өз мүмкіндігін пайдаланып, «Бернли» сапындағы ойын уақыты мен негізгі құрамға таласатын футболшылар қатарындағы орнын нығайта түсті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық